Ғалымдар адамның ойындағысын оқитын бағдарлама жасап шығарды. Оған миды сканерлік көшірмеге түсіріп алу арқылы қол жеткізуге болатын көрінеді.
Нидерландыдағы Неймегена университетінің бір топ оқытушылары магнитті-резонансты томографияның (МРТ) көмегімен ми қызметіндегі мүмкіндіктерді анықтаған. Одан бөлек, голландиялық оқымыстылар мидың ұсақ бөлшектерін үлкейтіп көрсететін воксел деп аталатын технологияны қолданыпты. Бұл вокселдердің өлшемі 2*2*2 миллиметрге тең. Олар адам көзі қайда қарап ойланып тұр, сол нүктені анықтап береді.
Зерттеу нәтижесі МРТ-ға түсіру кезінде сол жанға B, R, A, I, N және S әріптері көрсетіліп, ол ми арқылы медициналық аппаратта көрініс тапқан. Әрі өзгерістер ми секілді жұмыс істейтін алгоритммен жасалыпты.
Ғылыми еңбек авторларының бірі Марсель ван Гервен болашақта адамның ойын оқу телепатиялық компьютер бағдарламаларының пайда болуына әкелуі мүмкін дейді.
nydailynews.com
Мақпал ЖҰМАШОВА