Бүгін сағат 00:30-да Астана қаласының ІІД «102» жедел басқару орталығына қала тұрғынынан көшедегі қоқыс жәшіктерінің бірінен полиэтилен пакетіне оралған нәрестенің табылғандығы жөнінде хабар келіп түсті.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-іздестіру тобы шықты, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен.
Нәрестені тауып алған ер адамның сөзіне қарағанда, ол кешке таман қоқыс тастауға келеді. Қоқыс жәшігіне жақындаған ол баланың жылаған даусын естіген. Содан кейін қызыл түсті полиэтилен пакетіне оралған сәбиді көреді. Ер адам баланы алып шығып, үйіне алып барады. Содан соң полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырады.
Табылған нәресте ер бала болып шықты, оны жедел түрде балалар ауруханасына жіберді.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тастанды баланың анасын іздестіруде.
ҚазАқпарат.