Алакөл қорығына «ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты» мәртебесі берілді

23 Тамыз 2013, 05:37

Алакөл қорығына «ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты» мәртебесі берілді. Халықаралық ұйымның арнайы дипломы Астанада өтіп жатқан мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығының ашылуына байланысты форумда табыс етілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. ЮНЕСКО-ның арнайы дипломын ұйымның бас директоры Ирина Бокова ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровқа салтанатты түрде табыс етті. «Алакөл қорығы осындай жоғары мәртебеге лайық. Бұл қорықты бәріміз көруіміз керек. Өте әдемі жер екені айтылып жүр. Қазақстандықтар көптеген жылдар бойы осы әсем жерді қорғап келеді. Мен осы үшін алғысымды айтқым келеді. ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты өте жоғары мәртебе. Бұл ұйымның өте маңызды бағдарламасы екенін айтқым келеді. Ол Алакөл қорығын әрі қарай қорғауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ирина Бокова. Алакөл қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының бүкіләлемдік жүйесіне енгізілген екінші қазақстандық қорық. Айымгүл ӘБІЛЕВА

Алакөл қорығына «ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты» мәртебесі берілді. Халықаралық ұйымның арнайы дипломы Астанада өтіп жатқан мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығының ашылуына байланысты форумда табыс етілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ЮНЕСКО-ның арнайы дипломын ұйымның бас директоры Ирина Бокова ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровқа салтанатты түрде табыс етті.

«Алакөл қорығы осындай жоғары мәртебеге лайық. Бұл қорықты бәріміз көруіміз керек. Өте әдемі жер екені айтылып жүр. Қазақстандықтар көптеген жылдар бойы осы әсем жерді қорғап келеді. Мен осы үшін алғысымды айтқым келеді. ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты өте жоғары мәртебе. Бұл ұйымның өте маңызды бағдарламасы екенін айтқым келеді. Ол Алакөл қорығын әрі қарай қорғауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ирина Бокова.

Алакөл қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының бүкіләлемдік жүйесіне енгізілген екінші қазақстандық қорық.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
Бөлісу: