28-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:19

РФ-нің атом өндірісі қызметкерлерінің күні. Атом саласы қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес бекітілді. Қыркүйектің 28-і кездейсоқ күн емес. 1942 жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады. Бүкіләлемдік жүрек күні. Бұл күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік жүрек федерациясы денсаулық тексеру, ұйымдасқан түрдегі серуендеулер, жүгіру және фитнеспен айналысу, бұқаралық лекциялар, қойылымдар, ғылыми форумдар, көрмелер, концерттер, фестивальдер мен спорт жарыстарын қоса есептегенде, 100-ден астам елдерде шаралар ұйымдастырады. Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні. Құтыру аурумен күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурулармен күрес және аурулардың алдын алу орталықтары (CDC) (Атланта, АҚШ) ұсынысымен өткізіледі. Құтыру ауруына қарсы күрес бүкіләлемдік күні адамдар мен жануарлар құтыруының зардаптары туралы, сондай-ақ оның алдын алуға және оны қоздырушылармен шектеу орындарындағы жануарлар арасында күресе отырып, тамырына балта шабуға болатыны тиісті жұмыс жүргізсе қаншалықты жеңіл екені жайлы хабардарлықты арттыруға арналған. 2001 жылы Астанада Республикалық клиникалық аурухана салтанатты түрде ашылды. Бұл еңселі медициналық кешен елбасы Н.Назарбаевтың Астанада медициналық кластер құру қажеттігі жөнінде көтерген бастамасының негізінде және тікелей тапсырмасымен салынған. Клиникада 20 бөлім жұмыс істеп, бір уақытта 240 емделушіні қабылдайды. Бөлім меңгерушілері конкурстық негізде алынған. Мұнда жасалатын барлық диагностика, емдеу жұмыстары еуропалық деңгейдегі, қазіргі заманғы ең үздік стандарттарға сай қазіргі заманғы медициналық құралдармен, зертханалармен, емдеу жабдықтарымен жарақталған. Кешеннің медициналық қызметімен Қазақстанның барлық аймағының, Астана қаласының тұрғындары пайдалана алады. Клиника жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. 2005 жылы  Цюрих қаласында Қазақстан-Швейцария Қауымдастығы салтанатты түрде ашылды. Қауымдастық екі елдің саясаткерлері мен кәсіпкерлерін біріктіреді, мақсаты әр түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту болып табылады. 2005 жылы  Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының аймағында «Еуразия» кинофестивалы аллеясының іргетасы салтанатты түрде қаланды.

РФ-нің атом өндірісі қызметкерлерінің күні.

Атом саласы қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес бекітілді.

Қыркүйектің 28-і кездейсоқ күн емес. 1942 жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады.

Бүкіләлемдік жүрек күні.

Бұл күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік жүрек федерациясы денсаулық тексеру, ұйымдасқан түрдегі серуендеулер, жүгіру және фитнеспен айналысу, бұқаралық лекциялар, қойылымдар, ғылыми форумдар, көрмелер, концерттер, фестивальдер мен спорт жарыстарын қоса есептегенде, 100-ден астам елдерде шаралар ұйымдастырады.

Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні.

Құтыру аурумен күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурулармен күрес және аурулардың алдын алу орталықтары (CDC) (Атланта, АҚШ) ұсынысымен өткізіледі.

Құтыру ауруына қарсы күрес бүкіләлемдік күні адамдар мен жануарлар құтыруының зардаптары туралы, сондай-ақ оның алдын алуға және оны қоздырушылармен шектеу орындарындағы жануарлар арасында күресе отырып, тамырына балта шабуға болатыны тиісті жұмыс жүргізсе қаншалықты жеңіл екені жайлы хабардарлықты арттыруға арналған.

2001 жылы Астанада Республикалық клиникалық аурухана салтанатты түрде ашылды.

Бұл еңселі медициналық кешен елбасы Н.Назарбаевтың Астанада медициналық кластер құру қажеттігі жөнінде көтерген бастамасының негізінде және тікелей тапсырмасымен салынған. Клиникада 20 бөлім жұмыс істеп, бір уақытта 240 емделушіні қабылдайды. Бөлім меңгерушілері конкурстық негізде алынған. Мұнда жасалатын барлық диагностика, емдеу жұмыстары еуропалық деңгейдегі, қазіргі заманғы ең үздік стандарттарға сай қазіргі заманғы медициналық құралдармен, зертханалармен, емдеу жабдықтарымен жарақталған. Кешеннің медициналық қызметімен Қазақстанның барлық аймағының, Астана қаласының тұрғындары пайдалана алады. Клиника жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

2005 жылы  Цюрих қаласында Қазақстан-Швейцария Қауымдастығы салтанатты түрде ашылды.

Қауымдастық екі елдің саясаткерлері мен кәсіпкерлерін біріктіреді, мақсаты әр түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

2005 жылы  Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының аймағында «Еуразия» кинофестивалы аллеясының іргетасы салтанатты түрде қаланды.

Бөлісу: