24-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:18

Дүниежүзілік жүрек күні. 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен Жүрек ауруларының қауіптілігін насихаттау мақсатында атап өтіледі. Гвинея-Бисау Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1973). Гвинея-Бисау - Солтүстік-Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі Сенегалмен, шығысы мен оңтүстігі Гвинеямен, батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Мемлекетке 60-қа жуық аралдар кіреді. Астанасы - Бисау қаласы. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - песо. Бүкіләлемдік теңіз күні. 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу. 1934 жылы  Ұйғыр музыкалық комедия театры құрылды. Театр 1941-1961 жылдары Еңбекшіқазақ ауданында болған, кейінірек Алматы қаласына қоныс аударған. 1964 жылы атауы Республикалық ұйғыр музыкалық драма театры деп өзгерген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ақпараттық даму орталығы ашылды. Бұл орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестігі нәтижесінде құрылды. Ақпараттық даму орталығының міндеті - Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. Орталық даму саласындағы ақпараттарға ашық және ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік береді және барлық мүдделі тұлғаларға қазіргі заманғы үнемі жаңартылып тұратын ресурстарды, халықаралық ұйымдардың озық білімдері мен тәжірибелерін пайдалануды ұсынады. 2009 жылы  Алматы поштамтының ғимаратында Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының эмблемасы бейнеленген жаңа марка салтанатты түрде айналымға енгізілді. Бағдарлама мен «Kazpost» логотиптері бар маркаланған конверт «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасы» сериясына жатады, номиналы «Литер А», ол 20 гр. дейінгі қарапайым хатты жіберу тарифіне тең. Конверттің көлемі 220х110 мм, таралымы 1000000 дана, пошта айналымына - 2009 жылдың 24-ші қыркүйегінен бастап енгізілді.

Дүниежүзілік жүрек күні. 2001 жылдан бастап Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен Жүрек ауруларының қауіптілігін насихаттау мақсатында атап өтіледі.

Гвинея-Бисау Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1973). Гвинея-Бисау - Солтүстік-Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі Сенегалмен, шығысы мен оңтүстігі Гвинеямен, батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Мемлекетке 60-қа жуық аралдар кіреді. Астанасы - Бисау қаласы. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - песо.

Бүкіләлемдік теңіз күні. 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылданған.

Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу.

1934 жылы  Ұйғыр музыкалық комедия театры құрылды. Театр 1941-1961 жылдары Еңбекшіқазақ ауданында болған, кейінірек Алматы қаласына қоныс аударған. 1964 жылы атауы Республикалық ұйғыр музыкалық драма театры деп өзгерген.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ақпараттық даму орталығы ашылды.

Бұл орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестігі нәтижесінде құрылды.

Ақпараттық даму орталығының міндеті - Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. Орталық даму саласындағы ақпараттарға ашық және ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік береді және барлық мүдделі тұлғаларға қазіргі заманғы үнемі жаңартылып тұратын ресурстарды, халықаралық ұйымдардың озық білімдері мен тәжірибелерін пайдалануды ұсынады.

2009 жылы  Алматы поштамтының ғимаратында Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының эмблемасы бейнеленген жаңа марка салтанатты түрде айналымға енгізілді.

Бағдарлама мен «Kazpost» логотиптері бар маркаланған конверт «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасы» сериясына жатады, номиналы «Литер А», ол 20 гр. дейінгі қарапайым хатты жіберу тарифіне тең. Конверттің көлемі 220х110 мм, таралымы 1000000 дана, пошта айналымына - 2009 жылдың 24-ші қыркүйегінен бастап енгізілді.

Бөлісу: