21-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:18

Армения Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қыркүйектің 21-інде болған бүкілхалықтық референдумда көпшілік тәуелсіз мемлекет құруды қолдады. Қазақстан Республикасы мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды. Белиздің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981). Белиз - Орталық Америкадағы Юкатан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен солтүстік-батысы Мексикамен, батысы мен оңтүстігі Гватемаламен, шығысы Кариб теңізімен шектеседі. Астанасы - Бельмопан қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын және испан тілдері. Ақша бірлігі - белиз доллары. Мальта Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Мальта - Жерорта теңізіндегі Мальта, Гоцо, Комино, Кемунет, Филфла аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Валлетта қаласы. Мемлекеттік тілі - мальта және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - мальта лирасы. Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді. Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылғы 21 қыркүйекте атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін 21 қыркүйегінде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды. Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды. Жыл сайын 21 қыркүйегінде БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік жайлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды. 2001 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ватикан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоны І-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 2009 жылы  Атырауда Еуропалық Қауіпсіздік бойынша Ынтымақтастық Ұйымының Каспий аймақтық Орхус орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, облыс әкімдігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының және республиканың үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының өкілдері қол қойды. Бұл республикамыздағы аймақта құрылған алғашқы Орхус орталығы.

Армения Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қыркүйектің 21-інде болған бүкілхалықтық референдумда көпшілік тәуелсіз мемлекет құруды қолдады.

Қазақстан Республикасы мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды.

Белиздің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981). Белиз - Орталық Америкадағы Юкатан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен солтүстік-батысы Мексикамен, батысы мен оңтүстігі Гватемаламен, шығысы Кариб теңізімен шектеседі. Астанасы - Бельмопан қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын және испан тілдері. Ақша бірлігі - белиз доллары.

Мальта Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Мальта - Жерорта теңізіндегі Мальта, Гоцо, Комино, Кемунет, Филфла аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Валлетта қаласы. Мемлекеттік тілі - мальта және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - мальта лирасы.

Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді.

Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылғы 21 қыркүйекте атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін 21 қыркүйегінде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.

Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.

Жыл сайын 21 қыркүйегінде БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік жайлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды.

2001 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ватикан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоны І-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

2009 жылы  Атырауда Еуропалық Қауіпсіздік бойынша Ынтымақтастық Ұйымының Каспий аймақтық Орхус орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бұл құжатқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, облыс әкімдігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының және республиканың үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының өкілдері қол қойды. Бұл республикамыздағы аймақта құрылған алғашқы Орхус орталығы.

Бөлісу: