19-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:13

Сент-Китс және Невис Федерациясының Ұлттық мейрамы - Ұлт күні (1983). Сент-Китс және Невис Федерациясы - Кариб теңізінің шығыс бөлігінде Сент-Китс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Бастер қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары. Мемлекет конституциялы монархия, Ұлыбритания достастығы құрамына кіреді. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы - Премьер-Министр. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс. «Смайликтың» туған күні. 1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги - Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінге «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды. 25 жыл ішінде смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Ол чат немесе электрондық поштамен қарым-қатынас жасауда дауыс интонациясы мен ым-ишараның жетіспей тұрғанын түсінді. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл-күйін байқауға көмектеседі, олар өте қызық және жағымды эмоция тудырады. 1995 жылы  Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендік бақылауды жою туралы» Жарлығы шықты. 1955 жылы  Оралда «Уралагрореммаш» зауытының негізі қаланды. Зауыт орманды қорғау станциясының орына салынды. Кәсіпорын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде іске қосылып, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу саласында мамандандырылды. Сол жылдары кәсіпорын өзінің саласы бойынша республикамыздағы және Одақтағы зауыттар арасында алдыңғы қатарларға шықты. Кәсіпорын Қазақстандағы зауыттар арасында бірінші болып Ленин және Қазан көтерілісі ордендерімен марапатталды. Қазіргі уақытта «Уралагрореммаш» АҚ ауыл шаруашылық және өртке қарсы техникаларын шығарады, соның ішінде ЖВП-9 жаток маркасы мен зиянды жәндіктерді жою жұмыстарына арналған бүріккіштер бар. Кәсіпорның қуаттылығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр, біздің республикамызда және шетелде сұраныстағы жаңа өнімдердің түрлері шығарылып жатыр. Кәсіпорында металл және темірбетон құрастырмаларын тоттан қорғайтын ыстық мырыш желісі іске қосылған. Осындай өңдеуден өткен металдар өзінің алғашқы кейпін жағымсыз экологиялық ортада 20 жылдан 60 жылға дейін сақтайды. Акционерлік қоғамның жанынан шығарылған өнімдерге қызмет көрсету мақсатымен «Казагросервис-Урал» МТС құрылған. Сонымен қатар, кішігірім трансформаторлық станцияларын құрастыратын «Казэлектрощит» ЖШС-ы «Уралагрореммаш» АҚ-ы құрылтайшысы болып табылады. Осы акционерлік қоғамның және ресейлік «Ростсельмаш» АҚ-ның негізінде «Нива-Эффект» комбайн маркаларын құрастыратын Біріккен кәсіпорын құрылған және сол техникаға қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді.

Сент-Китс және Невис Федерациясының Ұлттық мейрамы - Ұлт күні (1983). Сент-Китс және Невис Федерациясы - Кариб теңізінің шығыс бөлігінде Сент-Китс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Бастер қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары. Мемлекет конституциялы монархия, Ұлыбритания достастығы құрамына кіреді. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы - Премьер-Министр. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Ұлттық жиналыс.

«Смайликтың» туған күні.

1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги - Меллон университетінің профессоры Скотт Фальман (Scott E. Fahlman) компьютерде терілетін мәтінге «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үш қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды.

Алғаш рет смайликті пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды.

25 жыл ішінде смайлик электрондық қарым-қатынастың айнымас белгісі болып қалды. Ол чат немесе электрондық поштамен қарым-қатынас жасауда дауыс интонациясы мен ым-ишараның жетіспей тұрғанын түсінді. Смайликтер әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл-күйін байқауға көмектеседі, олар өте қызық және жағымды эмоция тудырады.

1995 жылы  Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендік бақылауды жою туралы» Жарлығы шықты.

1955 жылы  Оралда «Уралагрореммаш» зауытының негізі қаланды.

Зауыт орманды қорғау станциясының орына салынды. Кәсіпорын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде іске қосылып, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу саласында мамандандырылды. Сол жылдары кәсіпорын өзінің саласы бойынша республикамыздағы және Одақтағы зауыттар арасында алдыңғы қатарларға шықты. Кәсіпорын Қазақстандағы зауыттар арасында бірінші болып Ленин және Қазан көтерілісі ордендерімен марапатталды. Қазіргі уақытта «Уралагрореммаш» АҚ ауыл шаруашылық және өртке қарсы техникаларын шығарады, соның ішінде ЖВП-9 жаток маркасы мен зиянды жәндіктерді жою жұмыстарына арналған бүріккіштер бар. Кәсіпорның қуаттылығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр, біздің республикамызда және шетелде сұраныстағы жаңа өнімдердің түрлері шығарылып жатыр. Кәсіпорында металл және темірбетон құрастырмаларын тоттан қорғайтын ыстық мырыш желісі іске қосылған. Осындай өңдеуден өткен металдар өзінің алғашқы кейпін жағымсыз экологиялық ортада 20 жылдан 60 жылға дейін сақтайды. Акционерлік қоғамның жанынан шығарылған өнімдерге қызмет көрсету мақсатымен «Казагросервис-Урал» МТС құрылған. Сонымен қатар, кішігірім трансформаторлық станцияларын құрастыратын «Казэлектрощит» ЖШС-ы «Уралагрореммаш» АҚ-ы құрылтайшысы болып табылады. Осы акционерлік қоғамның және ресейлік «Ростсельмаш» АҚ-ның негізінде «Нива-Эффект» комбайн маркаларын құрастыратын Біріккен кәсіпорын құрылған және сол техникаға қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді.

Бөлісу: