17-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:13

Америка Құрама Штаттарының Конституция және Азаматтығы күні. 2001 жылы АҚШ ПрезидентініңЖарлғымен 17 қыркүйек АҚШ-тың Конституция және Азаматтығы күні болып жарияланды. 1993 жылы  Бейжіңде Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті. 1720 жылы  Павлодар қаласының негізі қаланды. 1720 жылы қала кішігірім Коряковский негізінен бастау алады. Қазіргі атауын 1861 жылы ІІ Александрдың жаңа туған ұлының құрметіне алған, сол кезде оған Коряковтың ірі татар, орыс және қазақ кәсіпкерлері кірген көпестер қауымының сұрауы бойынша берілген. Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Қаланың құрамына Ленинск кенті, Мойылды, Павлодарлық ауылдары және Кенжекөл ауылдық округы кіреді. Қаланың жалпы ауданы 637,8 мың шаршы метрді құрайды. Қала тұрғындарының саны - 331700 тұрғын (2009). Павлодарда мұнай өндеуші, химия, алюминий, электролиз, металлургиялық, картон-рубероид, машина жасау және трактор зауыттары жұмыс істейді. 1930 жылы  аудандық газет ретінде «Колхоз жолы» деген атаумен қазіргі «Көкшетау» қалалық газеті шыға бастады. Газет облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап «Көкшетау» деген атпен шыға бастады. 1918-1980 жылдары  медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Республикада онкологиялық зерттеулердің негізін салған ғалымдардың бірі Серік Нұғыманов дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданында туған. Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1947-1959 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институты акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1960 жылы ашылған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының тұңғыш директоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері онкология мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда қатерлі ісіктердің пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін анықтаған. Қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен, осы екі әдістің екеуімен бірдей емдеуді және бұлардың пәрменділігін арттыруды жетілдірген. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. 1880-1919 жылдары  ақын  Ақылбек Сабалұлы  дүниеге келді. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Ахмет Риза мектебінде оқып, парсы, араб, түрік тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, оқиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. «Таһир - Зуһра», «Бозжігіт», «Ибраһим», «Хикмет Ниғмет», «Қырық уәзір», «Алтын балық», «Дандан ғашық» қиссалардың, «Мағшұқнаме» - жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, «Назым», «Сұм заман», «Ғибратнама», «Сәтбек батыр» атты шығармалардың авторы. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар. Өлең-жырларының негізгі тақырыбы адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Оның кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан қалаларының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайындағы Сарыой деген жерде.

Америка Құрама Штаттарының Конституция және Азаматтығы күні.

2001 жылы АҚШ ПрезидентініңЖарлғымен 17 қыркүйек АҚШ-тың Конституция және Азаматтығы күні болып жарияланды.

1993 жылы  Бейжіңде Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

1720 жылы  Павлодар қаласының негізі қаланды.

1720 жылы қала кішігірім Коряковский негізінен бастау алады. Қазіргі атауын 1861 жылы ІІ Александрдың жаңа туған ұлының құрметіне алған, сол кезде оған Коряковтың ірі татар, орыс және қазақ кәсіпкерлері кірген көпестер қауымының сұрауы бойынша берілген.

Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Қаланың құрамына Ленинск кенті, Мойылды, Павлодарлық ауылдары және Кенжекөл ауылдық округы кіреді. Қаланың жалпы ауданы 637,8 мың шаршы метрді құрайды. Қала тұрғындарының саны - 331700 тұрғын (2009).

Павлодарда мұнай өндеуші, химия, алюминий, электролиз, металлургиялық, картон-рубероид, машина жасау және трактор зауыттары жұмыс істейді.

1930 жылы  аудандық газет ретінде «Колхоз жолы» деген атаумен қазіргі «Көкшетау» қалалық газеті шыға бастады. Газет облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап «Көкшетау» деген атпен шыға бастады.

1918-1980 жылдары  медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Республикада онкологиялық зерттеулердің негізін салған ғалымдардың бірі Серік Нұғыманов дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданында туған. Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1947-1959 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институты акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1960 жылы ашылған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының тұңғыш директоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері онкология мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда қатерлі ісіктердің пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін анықтаған. Қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен, осы екі әдістің екеуімен бірдей емдеуді және бұлардың пәрменділігін арттыруды жетілдірген.

«Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

1880-1919 жылдары  ақын  Ақылбек Сабалұлы  дүниеге келді.

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Ахмет Риза мектебінде оқып, парсы, араб, түрік тілдерін жетік білген.

Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, оқиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. «Таһир - Зуһра», «Бозжігіт», «Ибраһим», «Хикмет Ниғмет», «Қырық уәзір», «Алтын балық», «Дандан ғашық» қиссалардың, «Мағшұқнаме» - жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, «Назым», «Сұм заман», «Ғибратнама», «Сәтбек батыр» атты шығармалардың авторы. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар.

Өлең-жырларының негізгі тақырыбы адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Оның кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан қалаларының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайындағы Сарыой деген жерде.

Бөлісу: