15-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:12

Гватемала Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Гватемала - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Гватемала қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық конгресс. Ақша бірлігі - кетсаль. Гондурас Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Гондурас - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Тегуси-гальпа қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық ассамблея. Ақша бірлігі - лемпира. Қазақстан Республикасы мен Гондурас Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1995 жылғы қарашаның 28-інде орнатылды. Коста-Рика Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Коста-Рика - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент Үкіметті де тікелей өзі басқарады. Заң шығарушы органы - Заң шығарушы ассамблея. Ақша бірлігі - Коста-Рика колоны. Қазақстан Республикасы мен Коста-Рика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1986 жылғы қазанның 1-інде орнатылды. Никарагуа Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Қазақстан Республикасы мен Никарагуа арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы шілденің 6-ында орнатылды. Кейро-но-хи, қарияларға құрмет көрсету мейрамы немесе Жапонияда жас шамасын құрметтеу күні. Бұл күн Жапонияда ресми түрде демалыс күні деп саналады. Үкімет өкілдері жүз жасқа жеткен қарияларға атаулы күміс айшанақтар ұсынады, ал жасы жүзден асып кеткендерге құттықтау хаттарын жібереді. Қарттар қоғамы да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жәрдемімен салтанаттар өткізеді. Жүз жастан асқандарға олардың портреттерін, 88 жасқа толғандарға отыруға арналған жастық (дзабутон), 77 жастағыларға ақшалай сыйлық береді. 77 мен 88 жасқа толу ерекше аталып өтіледі - жапония мифологиясына орай қос сандарға сиқыры тән. Айта кету керек, Жапонияда егделер аз емес. Қазіргі уақытта 8 мыңнан аса жапондықтардың орташа жасы 100 және Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 81 жылды құрайды. Халықаралық демократия күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008 жылғы 15 қыркүйегінен атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады. Пан Ги Мун өзінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау да», - деп атап көрсетті.

Гватемала Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Гватемала - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Гватемала қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық конгресс. Ақша бірлігі - кетсаль.

Гондурас Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Гондурас - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Тегуси-гальпа қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық ассамблея. Ақша бірлігі - лемпира.

Қазақстан Республикасы мен Гондурас Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1995 жылғы қарашаның 28-інде орнатылды.

Коста-Рика Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Коста-Рика - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент Үкіметті де тікелей өзі басқарады. Заң шығарушы органы - Заң шығарушы ассамблея. Ақша бірлігі - Коста-Рика колоны. Қазақстан Республикасы мен Коста-Рика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1986 жылғы қазанның 1-інде орнатылды.

Никарагуа Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821).

Қазақстан Республикасы мен Никарагуа арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы шілденің 6-ында орнатылды.

Кейро-но-хи, қарияларға құрмет көрсету мейрамы немесе Жапонияда жас шамасын құрметтеу күні.

Бұл күн Жапонияда ресми түрде демалыс күні деп саналады. Үкімет өкілдері жүз жасқа жеткен қарияларға атаулы күміс айшанақтар ұсынады, ал жасы жүзден асып кеткендерге құттықтау хаттарын жібереді. Қарттар қоғамы да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жәрдемімен салтанаттар өткізеді. Жүз жастан асқандарға олардың портреттерін, 88 жасқа толғандарға отыруға арналған жастық (дзабутон), 77 жастағыларға ақшалай сыйлық береді. 77 мен 88 жасқа толу ерекше аталып өтіледі - жапония мифологиясына орай қос сандарға сиқыры тән. Айта кету керек, Жапонияда егделер аз емес. Қазіргі уақытта 8 мыңнан аса жапондықтардың орташа жасы 100 және Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 81 жылды құрайды.

Халықаралық демократия күні.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008 жылғы 15 қыркүйегінен атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997 жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген.

Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады.

Пан Ги Мун өзінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау да», - деп атап көрсетті.

Бөлісу: