12-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:12

Қазақ киносының күні.  Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды. Фашизм құрбандарын еске алу күні. «Фашизм құрбандарын еске алу күні» мейрамы қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күннің басты мақсаты - фашизмнің қайта жаңғыртылған идеологиясын ұлтаралық бірлік пен халықтар достастығы идеологиясына қарама-қарсы қою. Бұл күн 1962 жылы белгіленген. Қыркүйек айының таңдалуы бекер емес, өйткені бұл айда Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты екі атаулы күн бар. 1939 жылғы қыркүйектің 1-і - соғыстың басталуы, ал 1945 жылғы қыркүйектің 2-і - соғыстың аяқталуы. 1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысына сәйкес Алматы киностудиясы құрылды. 1998 жылы  Алматы қаласында ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіш-бюсті мен мұражай үйінің ашылу салтанаты өтті. 2001 жылы  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің Премьер-министрімен және күш-қуат ведомстволарының басшыларымен кездесіп, Қазақстан аумағындағы АҚШ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы есептерін тыңдады.

Қазақ киносының күні.

 Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.

2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды.

Фашизм құрбандарын еске алу күні. «Фашизм құрбандарын еске алу күні» мейрамы қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл күннің басты мақсаты - фашизмнің қайта жаңғыртылған идеологиясын ұлтаралық бірлік пен халықтар достастығы идеологиясына қарама-қарсы қою.

Бұл күн 1962 жылы белгіленген. Қыркүйек айының таңдалуы бекер емес, өйткені бұл айда Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты екі атаулы күн бар. 1939 жылғы қыркүйектің 1-і - соғыстың басталуы, ал 1945 жылғы қыркүйектің 2-і - соғыстың аяқталуы.

1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысына сәйкес Алматы киностудиясы құрылды.

1998 жылы  Алматы қаласында ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіш-бюсті мен мұражай үйінің ашылу салтанаты өтті.

2001 жылы  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің Премьер-министрімен және күш-қуат ведомстволарының басшыларымен кездесіп, Қазақстан аумағындағы АҚШ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы есептерін тыңдады.

Бөлісу: