10-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:09

Өзін-өзі өлтірудің алдын алудың бүкіләлемдік күні (ДДҰ). Бүкіләлемдік өзін-өзі өлтірудің алдын алу күні бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша іс-қимылды қолдауды нығайту мен көтермелеу мақсатында жыл сайын 10 қыркүйекте өткізіледі. Осы мәселеге қолдау көрсетіп жүрген демеуші - Халықаралық өзін-өзі өлтірудің алдын алу жөніндегі қауымдастығымен бірге Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен басқа да әріптестер өзін-өзі өлтіруге тырысқан адамдарды тиісті деңгейде емдеуді және содан кейін күтімге алуды жақтайды, сондай-ақ БАҚ-тарда өзін-өзі өлтіруді мейлінше ұстамды жариялауға шақырады. 1993 жылы  Алматыда халықаралық «Қарқара-93» жәрмеңкесі ашылды. Оған дүниежүзінің көптеген елдерінен 200-ге жуық шет елдік компаниялар мен фирмалар және Қазақстанның 60-тан астам кәсіпорны қатысты. 1996 жылы  Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды (1997 жылғы ақпанның 28-інен Дипломатиялық академия). 1999 жылы  Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» фильміне бас жүлде берілді. 2006 жылы  «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор тау-химия комбинатының (СТХК) күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. «СТХК» ЖШС күкірт қышқылы зауытында жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы шығарылатын болады. Одан әрі жылына 360 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Күкірт қышқылы халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылатын химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі болып табылады. Күкірт қышқылы күшті, бірақ та арзан қышқылдардың бірі. Ол уран, мұнай, металлургия, металл өңдеу, тоқыма салаларында қолданылады. 1925 жылы  сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды. 2005 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа бес қабатты кітапхана 15 мың шаршы метрді алып жатыр, оның 20 оқырмандар залына бір мезгілде 500 адам сияды. Ұлттық кітапханада 2 млн. томға жуық баға жетпес білім қазыналарымен қатар, осы заманғы электрондық ақпараттар сақталып, оқырмандарға қызмет көрсетеді. 2005 жылы  Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты салтанатты түрде ашылды. Әскери институт - «аудармашылық iс» және «өлкетану» сияқты мамандықтар бойынша жоғарғы әскери арнайы бiлiмi бар офицерлердi дайындайтын Орталық азия аймағындағы жалғыз оқу орын. Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қалалық әкімшілігінің, АҚШ-тың, Ресейдің, ФРГ-ның, Туркияның, ҚХР-ның, Оңтүстік Корея елшілігінің әскери атташелері және елшіліктің өкілдері, республикамыздың жетекші жоғарғы оқу орындардың ректорлары қатысты.

Өзін-өзі өлтірудің алдын алудың бүкіләлемдік күні (ДДҰ). Бүкіләлемдік өзін-өзі өлтірудің алдын алу күні бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша іс-қимылды қолдауды нығайту мен көтермелеу мақсатында жыл сайын 10 қыркүйекте өткізіледі.

Осы мәселеге қолдау көрсетіп жүрген демеуші - Халықаралық өзін-өзі өлтірудің алдын алу жөніндегі қауымдастығымен бірге Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен басқа да әріптестер өзін-өзі өлтіруге тырысқан адамдарды тиісті деңгейде емдеуді және содан кейін күтімге алуды жақтайды, сондай-ақ БАҚ-тарда өзін-өзі өлтіруді мейлінше ұстамды жариялауға шақырады.

1993 жылы  Алматыда халықаралық «Қарқара-93» жәрмеңкесі ашылды. Оған дүниежүзінің көптеген елдерінен 200-ге жуық шет елдік компаниялар мен фирмалар және Қазақстанның 60-тан астам кәсіпорны қатысты.

1996 жылы  Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды (1997 жылғы ақпанның 28-інен Дипломатиялық академия).

1999 жылы  Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» фильміне бас жүлде берілді.

2006 жылы  «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор тау-химия комбинатының (СТХК) күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. «СТХК» ЖШС күкірт қышқылы зауытында жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы шығарылатын болады. Одан әрі жылына 360 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Күкірт қышқылы халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылатын химия өнеркәсібінің негізгі өнімдерінің бірі болып табылады. Күкірт қышқылы күшті, бірақ та арзан қышқылдардың бірі. Ол уран, мұнай, металлургия, металл өңдеу, тоқыма салаларында қолданылады.

1925 жылы  сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды.

2005 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салтанатты түрде ашылды.

Жаңа бес қабатты кітапхана 15 мың шаршы метрді алып жатыр, оның 20 оқырмандар залына бір мезгілде 500 адам сияды. Ұлттық кітапханада 2 млн. томға жуық баға жетпес білім қазыналарымен қатар, осы заманғы электрондық ақпараттар сақталып, оқырмандарға қызмет көрсетеді.

2005 жылы  Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты салтанатты түрде ашылды.

Әскери институт - «аудармашылық iс» және «өлкетану» сияқты мамандықтар бойынша жоғарғы әскери арнайы бiлiмi бар офицерлердi дайындайтын Орталық азия аймағындағы жалғыз оқу орын.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қалалық әкімшілігінің, АҚШ-тың, Ресейдің, ФРГ-ның, Туркияның, ҚХР-ның, Оңтүстік Корея елшілігінің әскери атташелері және елшіліктің өкілдері, республикамыздың жетекші жоғарғы оқу орындардың ректорлары қатысты.

Бөлісу: