8-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:09

Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл - чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Жалынды журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен 4-ші конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі. Сауаттандырудың халықаралық күні. 1967 жылдан бастап, ЮНЕСКО Бас конфедерациясы 14-ші сессиясының 1.141. қарары негізінде аталып өтіледі. Блокада құрбандарын еске алу күні. 2006 жылғы қыркүйектің 8-інде Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі - 900 күнге созылған Ленинград қоршауына 66 жыл толды. 1993 жылы  Алматыдағы «Мұраттас» ғылыми-зерттеу баспа орталығы ғұлама ақын Қожа Ахмет Ясауидің «Ақыл кітабын» («Диуани хикмет») қазақ тілінде жарыққа шығарды. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 2004 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 1923-2004 жылдары белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатов Ғамзатұлы дүниеге келді. Дағыстанның Хунзах ауданында туған. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген. 2006 жылы  Бір топ американдық ғалым Калифорния штатының солтүстігі жағалауынан өздері «Жердегі ең биік тірі организм» деп таныған ағаш тапты. Гиперион деп аталған бұл ағаштың биіктігі 115 метрге жетеді. Бұған дейін әлемдегі ең биік «тірі организм» делініп секвойя ағаш аталып келген еді. Ғалымдар «Стратосфера алыбы» деген екінші атауы бар биіктігі 100 метрден асатын 135 секвойя ағашын тапқан. Әлемдегі ең қарт ағаш саналатын - секвойя да осы Калифорнияда өседі. 2006 жылы  Моңғол ұлттық қоғамдық телеарнасында «ТВ-Толқын» атты қазақ бағдарламалары редакциясы өз жұмысын бастады. Теледидарлық бағдарлама қазақ тілінде аптасына 1 рет жарық көреді.

Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл - чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Жалынды журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен 4-ші конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі.

Сауаттандырудың халықаралық күні. 1967 жылдан бастап, ЮНЕСКО Бас конфедерациясы 14-ші сессиясының 1.141. қарары негізінде аталып өтіледі.

Блокада құрбандарын еске алу күні. 2006 жылғы қыркүйектің 8-інде Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі - 900 күнге созылған Ленинград қоршауына 66 жыл толды.

1993 жылы  Алматыдағы «Мұраттас» ғылыми-зерттеу баспа орталығы ғұлама ақын Қожа Ахмет Ясауидің «Ақыл кітабын» («Диуани хикмет») қазақ тілінде жарыққа шығарды.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

2004 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

1923-2004 жылдары белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатов Ғамзатұлы дүниеге келді.

Дағыстанның Хунзах ауданында туған. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген.

2006 жылы  Бір топ американдық ғалым Калифорния штатының солтүстігі жағалауынан өздері «Жердегі ең биік тірі организм» деп таныған ағаш тапты. Гиперион деп аталған бұл ағаштың биіктігі 115 метрге жетеді. Бұған дейін әлемдегі ең биік «тірі организм» делініп секвойя ағаш аталып келген еді. Ғалымдар «Стратосфера алыбы» деген екінші атауы бар биіктігі 100 метрден асатын 135 секвойя ағашын тапқан. Әлемдегі ең қарт ағаш саналатын - секвойя да осы Калифорнияда өседі.

2006 жылы  Моңғол ұлттық қоғамдық телеарнасында «ТВ-Толқын» атты қазақ бағдарламалары редакциясы өз жұмысын бастады. Теледидарлық бағдарлама қазақ тілінде аптасына 1 рет жарық көреді.

Бөлісу: