7-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:08

Соғыс ойыншықтарын жою күні. Бұл күн 1988 жылы Дүниежүзілік ата-аналарының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек қауымдастығының бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті. Осы күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру қабылданған. Бразилия Федеративті Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1822). Бразилия - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Бразилиа. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - реал. Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративті Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қыркүйектің 22-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы - Ыдырысов Ерлан. 1918 жылы  Петроград телеграф агенттігі және РКФСР Халық комиссарлары кеңесі жанындағы баспасөз бюросы негізінде Ресей телеграф агенттігі (РОСТА) құрылды. 1925 жылы шілденің 10-ында КСРО Орталық атқару комитеті Төралқасы Кеңес Одағының Телеграф агенттігін бекітті. 1992 жылы қаңтарда Ресей егемендігін жариялағаннан кейін агенттік атауын ИТАР-ТАСС деп өзгертті. Қазіргі уақытта ИТАР-ТАСС ЮНЕСКО-ның квалификациясы бойынша әлемдегі ірі ақпарат агенттіктерінің бірі. 2004 жылы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен елордада еврейлердің Орталық Азиядағы ең үлкен «Бейт Рахель - Хабад Любавич» синагогасы ашылды. 2004 жылы   Израильдің Бас раввині Йона Мецгер мен америкалық еврейлердің филантропы Рональд Лаудер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өркениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесі үшін тұңғыш рет тағайындалып отырған Маймонида атындағы Халықаралық сыйлықты табыс етті. Аталған сыйлық ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, ислам және иудаизм арасындағы диалогтың негізін қалаған танымал еврей философы Маймониданың (толық аты-жөні Раби Моше бен Маймон) құрметіне аталған. Маймонида сыйлығын Маймонида атындағы халықаралық сыйлықты табыс ету жөніндегі Халықаралық комитет бекіткен. 2004 жылы  Қазақстан әйелдерінің IV-інші форумы ашылды. 2004 жылы  Елбасы Н.Ә.Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналысқа қатысты. 2005 жылы  Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Опаленные Чернобылем» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті. Кітап Чернобыль ардагерлері одағының қолдауымен басып шығарылды. Авторы - Чернобыльдың ардагері Рахым Әбдікәрімов. Оқырмандарды қызықтыратын қазақстандық чернобыль-жауынгерлері туралы нақты материалдар, айғақтар және суреттер жинақталған. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Чернобыль ардагерлері, қайтыс болған ардагерлердің жесірлері, Чернобыль ардагерлері одағының төрағасы және Ауған ардагерлер одағы, Ресей Украина, Беларусия елшіліктерінің өкілдері қатысты. Чернобыль АЭС-ның ядролық апаты 1986 жылдың 26 сәуiрiнде болды. Ол адам баласының пайда болғаннан бері болған ең үлкен техногендi апаттың бiрі болды. Апаттың қалдықтарын жоюға қазақстанның жауынгерлері қатысты. №20040-шi әскери бөлiм Қазақстанда ұйымдастырылған. Бұл полкте 1986-1989 жылдар арасында 31730 қазақстандық жауынгер-жоюшылар қызмет атқарған. Қазіргі таңда 6 мың 320 Чернобыль ардагерлері бар.

Соғыс ойыншықтарын жою күні. Бұл күн 1988 жылы Дүниежүзілік ата-аналарының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға көмек қауымдастығының бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті. Осы күні соғыс ойыншықтарын тәттілерге және жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру қабылданған.

Бразилия Федеративті Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1822).

Бразилия - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Бразилиа. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - реал.

Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративті Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қыркүйектің 22-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы - Ыдырысов Ерлан.

1918 жылы  Петроград телеграф агенттігі және РКФСР Халық комиссарлары кеңесі жанындағы баспасөз бюросы негізінде Ресей телеграф агенттігі (РОСТА) құрылды. 1925 жылы шілденің 10-ында КСРО Орталық атқару комитеті Төралқасы Кеңес Одағының Телеграф агенттігін бекітті. 1992 жылы қаңтарда Ресей егемендігін жариялағаннан кейін агенттік атауын ИТАР-ТАСС деп өзгертті. Қазіргі уақытта ИТАР-ТАСС ЮНЕСКО-ның квалификациясы бойынша әлемдегі ірі ақпарат агенттіктерінің бірі.

2004 жылы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен елордада еврейлердің Орталық Азиядағы ең үлкен «Бейт Рахель - Хабад Любавич» синагогасы ашылды.

2004 жылы   Израильдің Бас раввині Йона Мецгер мен америкалық еврейлердің филантропы Рональд Лаудер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өркениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесі үшін тұңғыш рет тағайындалып отырған Маймонида атындағы Халықаралық сыйлықты табыс етті.

Аталған сыйлық ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, ислам және иудаизм арасындағы диалогтың негізін қалаған танымал еврей философы Маймониданың (толық аты-жөні Раби Моше бен Маймон) құрметіне аталған. Маймонида сыйлығын Маймонида атындағы халықаралық сыйлықты табыс ету жөніндегі Халықаралық комитет бекіткен.

2004 жылы  Қазақстан әйелдерінің IV-інші форумы ашылды.

2004 жылы  Елбасы Н.Ә.Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналысқа қатысты.

2005 жылы  Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Опаленные Чернобылем» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.

Кітап Чернобыль ардагерлері одағының қолдауымен басып шығарылды. Авторы - Чернобыльдың ардагері Рахым Әбдікәрімов. Оқырмандарды қызықтыратын қазақстандық чернобыль-жауынгерлері туралы нақты материалдар, айғақтар және суреттер жинақталған.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Чернобыль ардагерлері, қайтыс болған ардагерлердің жесірлері, Чернобыль ардагерлері одағының төрағасы және Ауған ардагерлер одағы, Ресей Украина, Беларусия елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Чернобыль АЭС-ның ядролық апаты 1986 жылдың 26 сәуiрiнде болды. Ол адам баласының пайда болғаннан бері болған ең үлкен техногендi апаттың бiрі болды. Апаттың қалдықтарын жоюға қазақстанның жауынгерлері қатысты. №20040-шi әскери бөлiм Қазақстанда ұйымдастырылған. Бұл полкте 1986-1989 жылдар арасында 31730 қазақстандық жауынгер-жоюшылар қызмет атқарған. Қазіргі таңда 6 мың 320 Чернобыль ардагерлері бар.

Бөлісу: