22 Тамыз 2013, 11:05
Испаниядағы шарап фестивалі.
Ресейде ядролық қамтамасыз ету саласы маманының күні.
Ресей Федерациясы Президентінің 2006 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен бекітілген.
Молдова Республикасының кеден қызметкерлерінің күні.
Молдова Президентінің 1991 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген.
1953 жылы Қарағанды политехникалық институты ашылды. Қазіргі таңда аталмыш білім ордасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті деп аталады. 2002 жылы Францияда Қазақстанның өнеркәсібіне арнайы мамандар даярлаудағы жоғары сапасы үшін Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының Алтын медаліне ие болды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басылымы «Сақшы» газеті қазақ тілінде шыға бастады.
2005 жылы Сеулде Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институты (ҚМПҚИ) мен Корея Республикасының Каннам университеті (КУ) арасында Академиялық алмасулар және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Каннам университеті Оңтүстік Кореяның мәртебелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда бұл жоғары оқу орны гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға мамандануда. Іргесі 1886 жылы қаланған Ихва білім ордасы - әлемдегі аса ірі университеттердің бірі болып табылады. Оның құрамында 14 колледж бар, 21 мың студент оқиды.
2007 жылы елордадағы «Оберег» ұлттық-мәдени орталығының қолдау көрсетуімен Қазақстандағы украин диаспорасына арналған «Вести Украины» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басылым айына екі рет, сенбі күндері 4 мың данамен өз оқырмандарына ұсынылады.
2009 жылы Прагада Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері ресми түрде ашылды.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Елім-ай» қазақстандық мәдениет орталығы, Ресей мәдениет орталығы.
Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері аясында біздің еліміз туралы деректі фильмдер көрсетілді, «Қазіргі Қазақстан» және «Елім-ай - төрт жыл» фотокөрмелері, «Қазақстан - Менің Отаным» балалар суретінің көрмесі болып өтті.
2009 жылы Астанада «Самұрық-энерго» АҚ мен БҰҰ Даму Бағдарламасы электр энергиясын алу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда жел және күн электр стансаларын салу жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум бойынша, тараптардың жұмысы Қазақстанда аталған энергетиканың техникалық базасына ұсыныстар жасауға, қажетті талдау шараларын жүргізуге бағытталатын болады, енді Жоңғар қақпасы ауданында, Шелек дәлізінде, Форт-Шевченко аумағында жел электр стансалары құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалмақ.
2009 жылы Астана қаласының ескі орталық алаңынан «Халықтар достастығы 2009» ұранымен V халықаралық автожорық сапарға аттанды. Автокөліктер Астана-Бурабай-Көкшетау-Қостанай-Ақтөбе-Орал бағыттарымен жалпы ұзындығы 2086 шақырым жолды еңсерді. Автожорықты орайластырып, ұйымдастырған «Mercur auto» компаниясы мен Volkswagen AG концерні.