3-қыркүйек

22 Тамыз 2013, 11:05

Лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық күні. 2005 жылғы шілдеде Ресей Федерациясының Заңымен бекітілген. Катар Мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1971). Катар - Парсы шығанағының Катар түбегінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Доха қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - Катар риалы. Мемлекеттің саяси құрылымы - абсолютті монархия. 1971 жылы Катар тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасына қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы шілденің 1-інде орнатылды. Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні. 1955 жылы маусым айында Франция елдігі тәуелсіздік алу мақсатында болған қозғалыстарға байланысты Тунис еліне тәуелсіздік алуына келісімін берген. Сол күннен бастап Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді. 1928 жылы Алматы округі құрылды. Оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, жаркент, Балқаш, т.б.) кірді. 1928 жылдың соңына қарай  окургте 33 өнеркісіп жұмыс істеді. Округ 1930 жылы желтоқсанның 17-інде таратылды. 1992 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» Жарлығы жарық көрді. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді. 2007 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандық оқушылар үшін «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» интерактивті сабағын өткізді. On-line режимінде өткен сабаққа республика бойынша мыңдаған оқушылар қатысты. 2009 жылы Атырауда әлемдік мұнай индустриясы туралы бірінші қазақстандық «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Осы ғылыми-танымал басылым мұнай туралы ғаламдық, әлемдік ауқымда біздің еліміздегі көмірсутек ресурстарын өнеркәсіптік өндірудің ғасырлық тарихын қамтитын қазақстандық автормен жазылған энциклопедиялық сипаттағы бірінші зерттеу жұмысы болып табылады. Авторы - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Минералдық ресурстар халықаралық академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Еуразия экономикалық академиясының академигі Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев. Әр түрлі уақытта Украинада және Молдовада елші, Атырау облысы әкімшілігінің басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі қызметтерін атқарған.

Лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық күні. 2005 жылғы шілдеде Ресей Федерациясының Заңымен бекітілген.

Катар Мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1971). Катар - Парсы шығанағының Катар түбегінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Доха қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - Катар риалы. Мемлекеттің саяси құрылымы - абсолютті монархия. 1971 жылы Катар тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасына қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы шілденің 1-інде орнатылды.

Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні.

1955 жылы маусым айында Франция елдігі тәуелсіздік алу мақсатында болған қозғалыстарға байланысты Тунис еліне тәуелсіздік алуына келісімін берген. Сол күннен бастап Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.

1928 жылы Алматы округі құрылды. Оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, жаркент, Балқаш, т.б.) кірді. 1928 жылдың соңына қарай  окургте 33 өнеркісіп жұмыс істеді. Округ 1930 жылы желтоқсанның 17-інде таратылды.

1992 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» Жарлығы жарық көрді.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді.

2007 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандық оқушылар үшін «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» интерактивті сабағын өткізді. On-line режимінде өткен сабаққа республика бойынша мыңдаған оқушылар қатысты.

2009 жылы Атырауда әлемдік мұнай индустриясы туралы бірінші қазақстандық «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Осы ғылыми-танымал басылым мұнай туралы ғаламдық, әлемдік ауқымда біздің еліміздегі көмірсутек ресурстарын өнеркәсіптік өндірудің ғасырлық тарихын қамтитын қазақстандық автормен жазылған энциклопедиялық сипаттағы бірінші зерттеу жұмысы болып табылады.

Авторы - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Минералдық ресурстар халықаралық академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Еуразия экономикалық академиясының академигі Равиль Тәжіқараұлы Шырдабаев. Әр түрлі уақытта Украинада және Молдовада елші, Атырау облысы әкімшілігінің басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі қызметтерін атқарған.

Бөлісу: