Қазақстандық режиссер ғаламтор туралы қорқынышты фильм түсірді

22 Тамыз 2013, 10:34

Отандық режиссерлер қорқынышты фильмдер түсіруге бет бұрып келеді. Солардың бірі Еркін Рақышев ғаламтор арқылы танысудың соңы қандай қауіпті оқиғаға апаратыны туралы кино түсірді деп жазады "Экспресс К".  "M Agent" деп аталатын туынды "Евразия" кинофестивалінде бақ сынайды делініп отыр. Фильм сюжеті ғаламторды пайдаланған қала жастарының шетінен қайтыс бола бастайтынына негізделген. Із кесушілер құрбандардың барлығы виртуалды әлемде бір бойжеткенмен "дос" болғанын анықтайды. Сценарийді Рүстем Көкеновпен бірлесіп жазған Рақышев қоғам дертін дөп басып айтқысы келген сыңайлы. "Бұл туындыдан екі нәрсені түйіндеуге болады. Біріншісі - істеген жақсылықтың да, жамандықтың да сұрауы бар. Екіншіден, ғаламтор арқылы кім көрінгенмен араласа беру үнемі жақсы аяқталмайтыны белгілі" дейді режиссер. Басты рөлді "Келін" фильмі арқылы танымал Гүлшара Жұбаева сомдайды. Мақпал ЖҰМАШОВА

Отандық режиссерлер қорқынышты фильмдер түсіруге бет бұрып келеді. Солардың бірі Еркін Рақышев ғаламтор арқылы танысудың соңы қандай қауіпті оқиғаға апаратыны туралы кино түсірді деп жазады "Экспресс К". 

"M Agent" деп аталатын туынды "Евразия" кинофестивалінде бақ сынайды делініп отыр.

Фильм сюжеті ғаламторды пайдаланған қала жастарының шетінен қайтыс бола бастайтынына негізделген. Із кесушілер құрбандардың барлығы виртуалды әлемде бір бойжеткенмен "дос" болғанын анықтайды. Сценарийді Рүстем Көкеновпен бірлесіп жазған Рақышев қоғам дертін дөп басып айтқысы келген сыңайлы.

"Бұл туындыдан екі нәрсені түйіндеуге болады. Біріншісі - істеген жақсылықтың да, жамандықтың да сұрауы бар. Екіншіден, ғаламтор арқылы кім көрінгенмен араласа беру үнемі жақсы аяқталмайтыны белгілі" дейді режиссер.

Басты рөлді "Келін" фильмі арқылы танымал Гүлшара Жұбаева сомдайды.

Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу: