Британ ғалымдары ұйықтап жатқанда қорылдаудан қалай арылудың емін тапты. Олардың айтуынша, жағымсыз әрекетті тастауға күнделікті ән салып жүру жақсы әсер береді деп жазады ВВС орыс қызметі.
Оқымыстылар жүргізген зерттеуге көзі ұйқыға кетсе қорылға басатын адамдар таңдап алып, екі топқа бөлген. Алғашқы топ күніне 20 минуттан вокалмен айналысыпты. Ал екінші топтағылар ештеңе істемеген.
Арада үш ай өткенде, "әншілер" қауымының қорылдары азайып, тыныш ұйықтайтыны анықталады.
Айта кететін жайт, қорылдың сол адамның ғана емес, айналасындағылардың да мазасын қашыратын мәселе екені айтпаса да түсінікті. Әрі дәрігерлер оның соңы өлімге де әкелуі мүмкіндігін ескертеді.
Қорылдау тамақтың жоғарғы бөлігінің бұлшықеттерінің әлсіздігінен орын алатын көрінеді. Одан емделуге арнайы вокалдық жаттығулар көмектеседі.
Мақпал ЖҰМАШОВА