22 Тамыз 2013, 10:23
«Шотландияның "Селтигін" тізе бүктірген қарағандылық "Шахтер" командасы Еуропаның биылғы клубтық рейтингінде 25 сатыға орналасты.
2013/2014 маусымдағы Еурокубок жолындағы тартыста барын салған қазақстандық клубтар УЕФА рейтингінде ұлттық құрамаға рекордтық ұпай сыйлауда. Осы маусымда еліміздің клубтарының қоржынында 10,5 ұпай («Шахтёр» — 4 ұпай, «Ақтөбе» — 4 ұпай, «Ертіс» — 2,5 ұпай) бар. Осыған дейін қазақстандық футбол ұжымдары бір маусымда 2 ұпайдан артық жинамаған болатын. Әзірге УЕФА коэффициент кестесіндегі соңғы бес кезеңнің қорытындысы бойынша, Қазақстан 7,750 ұпай иеленіп, Босния және Герцеговинаны басып озып, 34-орынға тұрақтап отыр. 2012/2013 жылғы маусымда Виктор Кумыков баптайтын команда еуротурнирдегі ойындарын сәтті өткізіп, маусымдық клубтық рейтингте 25-сатыға орналасты.