22 Тамыз 2013, 06:54
Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн. 17 жыл бұрын (1995) елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Ата Заңымызға сәйкес, Қазақстан Республикасында президенттік билік жарияланды.
Татарстан Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республика күні. 1990 жылы Татарстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды.
Байкал күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
1993 жылы Алматыда Халықаралық ядролық жарылысқа қарсы Конгресс өз жұмысын бастады.
1944 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 1944 жылғы шілденің 31-індегі №6279 қаулысына сәйкес түрік, күрд, хемшилдер Қазақстанға жер аударылды.
2000 жылы Өскемен қаласындағы Луговая көшесінің атауы Д.Серікбаев атындағы көше болып өзгерді.
2009 жылы Астанада Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған алғашқы әскери шеру болып өтті.
Әскери шеруге Қорғаныс министрлігінің құрлықтағы әскерлері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің сарбаздары мен Республикалық ұланның өкілдері қатысты. Бұлар 2 мыңнан астам сардарлар мен келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер және мерзімді қызметтің сарбаздары. Олар алаңға әскери тәртіппен сап түзеп шығып, мерекеге жиналған көпшілікке еліміздің қорғаныс саласының зор мүмкіндіктерін көрсетті.
Мерекелік шеруге Қарулы Күштердің 96 әскери техникасы мен 43 соғыс ұшақтары және тікұшақтары қатысты. Алаңда алдымен әскери техникалар сап түзеп, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және олардың соғыс кезінде атқаратын қызметтері жөнінде баяндалды. Әскери техникалардың арасында «БТР-80», «Д-30» көліктері мен «МСТА» зеңбіректері, «Ураган», «Смерч», «Точка-У» сияқты аса қуатты қарулар, сондай-ақ «С-125», «С-75», «С-200» тектес зенитті-зымыранды кешендер тамашаланды.
Әскери шеруге қонақ ретінде соғыс ардагерлері, жоғары шенді әскери қызметкерлер, еліміздің министрліктері мен ведомстволарының басшылары, Парламент депутаттары қатысты.
2005 жылы Санкт-Петербордың Выборгск кеме жасау зауытында «Қазақстан» басты мұнай құятын танкерін тапсыру рәсімі болып өтті.
«Қазақстан» кемесі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Каспий теңізінде тасымалдауға арналған. Танкердің ұзындығы 149 метр, жылдамдығы 10 теңіздік торап.