22 Тамыз 2013, 06:53
Украинада авиация күні. Украина Президентінің Жарлығына сәйкес тамыз айының соңғы сенбісінде атап өтіледі.
1992 жылы ҚР Президенті Жарлығымен қазақ әдебиетінің дамуына қосқан ерен еңбектері үшін және қоғамдық қызметтерге белсенді араласқандары үшін бір топ жазушы мен ақынға «Қазақстан Республикасының Халық жазушысы» атағы берілді. Олардың қатарында Әнуар Әлімжанов, Тахауи Ахтанов, Ғафу Қайырбеков, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Қалтай Мұхамеджанов, Олжас Сүлейменов, Сафуан Шаймерденов, Иван Щеголихин бар.
1996 жылы Венгрияда Қазақ мәдениетінің күндері өтті.
1998 жылы Қазақстанда түсіріліп жатқан 250 сериялы «Тоғысқан тағдырлар» телесериялы ТМД және Балтық жағалауы елдері арасында өткен фестивальде жүлделі бірінші орынды иеленді.
2001 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өткізілді.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін одан ары дамыту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
2006 жылы Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Аққозы қажы атындағы мешіт ашылды. Аққозы қажы Абайдың серіктестерінің бірі болған. Ол осыдан 100 жылдан астам бұрын қазіргі Сарыкөл ауданы аумағында уағыз және тәрбие жұмыстарын жүргізген тұлға.
1989 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет - Сұлтан мемлекеттік қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Қорық мұражай Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында, Тәуке хан даңғылы мен Алматы алаңының қиылысында орналасқан. Қорық мұражайдың құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан сегіз тарихи ескерткіш мұражайландырылып халыққа қызмет көрсетуде. «Әзірет - Сұлтан» мемлекеттік қорық мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады.
1964 жылы АҚШ Невада ядролық қару сынағын өткізді.
2007 жылы Алматыда www.atameken-asr.com қазақ тіліндегі жаңа веб-сайт құрылды.
Тәуелсіздік жылдары ресми ақпарат көзі бойынша республикамызға 650000 оралмандар қоныс аударды. Көші-қон саясаты мемлекеттік саясаттың бірден-бірі болып табылады. Құрылған сайт көші-қон саласының жетістігіне және Қазақстанда ақпараттық технологиялардың дамуына ықпал етеді.