26-тамыз

22 Тамыз 2013, 06:51

Украинаның авиация күні.  Испаниядағы өнім мейрамы - «Томатина». Бұл мерекені жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде атап өтеді.  Осы күні Валенсияға таяу орналасқан Буньол қалашығы шайқас алаңына айналып, көшеге мыңдаған адам шығып, қызанақпен атысады. Дәстүрге айналған қызанақ атысы 60 жылдан астам уақыт жалғасын табуда. 1959 жылы қызанақ атысына ресми түрде тыйым салынды. Бірақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша үкімет органдары рұқсат беруге мәжбүр болды.  Шахтерлер күні. Тамыздың соңғы аптасына аталып өтіледі. 1947 жылы 10 қыркүйекте белгіленген. Бүгінде бұл мерекелі күн Ресейде, Қазақстанда, Қырғызстанда, Украинада және Беларуста атап өтіледі. В Намибияда батырлар күні. 1993 жылы тамыздың 16-ында Украина Президентінің Жарлығымен бекітілген. Абхазияның тәуелсіздік алған күні. 2008 жылы тамыздың 26-ында Ресей Федерациясы Абхазияның тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойғанын жариялады. АҚШ-та әйелдердің теңдігі күні. Бұл күннің негізін американдық саясаттанушы, заңгер, қоғам қайраткері, жазушы Белла Абзуг қалаған, алғаш рет 1971 жылы атап өтілді. 1789 жылы Францияда «Адам және адамзат құқықтары» декларациясы қабылданды. Онда халық тәуелсіздігі қағидаттары, адам және адамзат құқықтарының заң жүзіндегі теңдігі, адамның жеке басының бостандығы, сөз, ар-ұждан бостандығы жарияланды. Декларацияның негізгі ережелері 1791  жылғы және одан кейінгі француз конституцияларына, сонымен қатар көптеген басқа да мемлекеттердің конституцияларына енді. 1840 жылы  Оралда орталық мәдениет және демалыс бағы ашылды. Бақтың бастапқы аумағы 7,5 шақырымды құрады. Қазіргі кезде 5,6 гектар жерді құрайды. 1935 жылы баққа Сергей Кировтың есімі берілген. 1997 жылы ол мемлекет қорғауындағы тарихи және мәдениет ескерткіштер санына қосылған болатын, кейіннен мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорынға өзгертілді. 1920 жылы тамыздың 26-ы мен 31-і аралығында Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Гурьев уезі кеңесінің бірінші съезі өтті. 125 делегат қатысқан бұл съезде жергілікті мемлекеттік басқару органы құрылды. 2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдық мерейтойына арналған жаңа көркем пошта маркаларының таныстырылымы болып өтті. Пошта маркасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдығын тойлау рәсімі бейнеленген. Марканы офсет әдісін қолданып төрт түрлі бояумен орындаған, өлшемі 33 х 27,5 мм. Ресімдеуші - Р.Жапалова. ҚХР байланыс және ақпараттандыру министрлігі жанындағы Қытай пошта маркаларының типографиясында жасалған.

Украинаның авиация күні.

 Испаниядағы өнім мейрамы - «Томатина». Бұл мерекені жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде атап өтеді.  Осы күні Валенсияға таяу орналасқан Буньол қалашығы шайқас алаңына айналып, көшеге мыңдаған адам шығып, қызанақпен атысады. Дәстүрге айналған қызанақ атысы 60 жылдан астам уақыт жалғасын табуда. 1959 жылы қызанақ атысына ресми түрде тыйым салынды. Бірақ, қала тұрғындарының өтініші бойынша үкімет органдары рұқсат беруге мәжбүр болды.

 Шахтерлер күні. Тамыздың соңғы аптасына аталып өтіледі. 1947 жылы 10 қыркүйекте белгіленген. Бүгінде бұл мерекелі күн Ресейде, Қазақстанда, Қырғызстанда, Украинада және Беларуста атап өтіледі. В

Намибияда батырлар күні. 1993 жылы тамыздың 16-ында Украина Президентінің Жарлығымен бекітілген.

Абхазияның тәуелсіздік алған күні. 2008 жылы тамыздың 26-ында Ресей Федерациясы Абхазияның тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойғанын жариялады.

АҚШ-та әйелдердің теңдігі күні.

Бұл күннің негізін американдық саясаттанушы, заңгер, қоғам қайраткері, жазушы Белла Абзуг қалаған, алғаш рет 1971 жылы атап өтілді.

1789 жылы Францияда «Адам және адамзат құқықтары» декларациясы қабылданды. Онда халық тәуелсіздігі қағидаттары, адам және адамзат құқықтарының заң жүзіндегі теңдігі, адамның жеке басының бостандығы, сөз, ар-ұждан бостандығы жарияланды. Декларацияның негізгі ережелері 1791  жылғы және одан кейінгі француз конституцияларына, сонымен қатар көптеген басқа да мемлекеттердің конституцияларына енді.

1840 жылы  Оралда орталық мәдениет және демалыс бағы ашылды.

Бақтың бастапқы аумағы 7,5 шақырымды құрады. Қазіргі кезде 5,6 гектар жерді құрайды. 1935 жылы баққа Сергей Кировтың есімі берілген. 1997 жылы ол мемлекет қорғауындағы тарихи және мәдениет ескерткіштер санына қосылған болатын, кейіннен мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорынға өзгертілді.

1920 жылы тамыздың 26-ы мен 31-і аралығында Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Гурьев уезі кеңесінің бірінші съезі өтті. 125 делегат қатысқан бұл съезде жергілікті мемлекеттік басқару органы құрылды.

2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдық мерейтойына арналған жаңа көркем пошта маркаларының таныстырылымы болып өтті.

Пошта маркасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдығын тойлау рәсімі бейнеленген. Марканы офсет әдісін қолданып төрт түрлі бояумен орындаған, өлшемі 33 х 27,5 мм. Ресімдеуші - Р.Жапалова. ҚХР байланыс және ақпараттандыру министрлігі жанындағы Қытай пошта маркаларының типографиясында жасалған.

Бөлісу: