23-тамыз

22 Тамыз 2013, 06:50

Халықаралық жұмыс күшін сату құрбандарын еске алу күні. ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша, адамзат тарихындағы осы жайсыз жағдайлардан сақтандыру және құлдарды өз бостандығы үшін күресуге шақыру мақсатында аталып өтіледі. Беларус Республикасының мемлекеттік статистика қызметкерлері күні. Ресей Федерациясының Әскери даңқ күні.  Кеңес армиясының Курск иінінде неміс әскерлерін жеңген күні. Литвада аза лентасы күні. 1939 жылы тамыздың 23-інде Мәскеуде шабуыл жасамау және оған құпия хаттамалар (Молотов-Риббентроп келісімі) туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Украинаның Мемлекеттік Туы күні. Украина Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын 23 тамызда атап өтіледі. 2006 жылы  Көкшетауда «Шахматы Казахстана» атты республикалық журналдың алғашқы саны жарық көрді. Басылымның бас редакторы - әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев. Түрлі-түсті 34 беттік, әр тоқсанда бір рет шығарылатын журнал республика көлемінде таратылады. Басылымның тұсаукесер санында шахмат тарихынан мәтіндер, соңғы шахмат спартакиадалары, турнир қорытындылары, шахмат жөніндегі теориялық мақалалар берілген. 1914 жылы  Жапония Германияға соғыс жариялады. 2005 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Винное ауылының маңында жаңа ипподром ашылды. Жаңа ипподромның көрермендерге арналған трибунасы 500 орынға есептелген, жүгіру алаңы - екі жарым километр. Жүгіру алаңының ені жарыстың он екі қатысушысына арналған. 2007 жылы Астанадағы Конгресс-Холлда тәжік қылқалам шеберлерінің ең таңдаулы туындылары және фотосуреттер көрмесі болып өтті. Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Қазақ әуендері» АҚ. Көрмеге 48 өнер туындысы қойылды. Жұртшылықтың назарына Лутфия Ашурованың «Таудағы көктем», «Табиғат көрінісі» атты қолдан тоқыған еңбектері, Заур Дахтенің «Ұйқыдағы Будда», ІІІ-V ғасырдағы «Ямчунь бекінісі» сияқты Тәжікстанның еңбек сіңірген суретшілері мен жас таланттардың елдің табиғатын, тұрмысын, саяси өмірін, ежелгі тарихын бейнелеген суреттері және фотосуреттері ұсынылды. 1996 жылы Алматы қаласында, Достық даңғылы мен Жамбыл көшелерінің қиылысына ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылды. 1996 жылы  Алматыда қырғыз елінің елшілігі ашылды. 2009 жылы  Павлодарлық облыстық көркем мұражайында суретшi Камиль Катлеевтің көрмесi өттi. Бұл суретшінің алғашқы көрмесі. Экспозицияларда 50-ден астам суреттер ұсынылған, онда Ертістегі күннің шығуы және батуы, жаздың ыстық күндері және қыстың көгілдір сәуле таратқан күндері бейнеленген. Камиль Катлеев бейнелеу өнерін белгілі Иван Лагутиннiң изостудиясындағы шеберханасында алпысыншы жылдары оқыған. Кейінен оқуын Омск педагогикалық институтының сурет-графика факультетінде жалғастырған. Суретшінің жұмыстары облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қойылған.

Халықаралық жұмыс күшін сату құрбандарын еске алу күні. ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша, адамзат тарихындағы осы жайсыз жағдайлардан сақтандыру және құлдарды өз бостандығы үшін күресуге шақыру мақсатында аталып өтіледі.

Беларус Республикасының мемлекеттік статистика қызметкерлері күні.

Ресей Федерациясының Әскери даңқ күні.  Кеңес армиясының Курск иінінде неміс әскерлерін жеңген күні.

Литвада аза лентасы күні. 1939 жылы тамыздың 23-інде Мәскеуде шабуыл жасамау және оған құпия хаттамалар (Молотов-Риббентроп келісімі) туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды.

Украинаның Мемлекеттік Туы күні. Украина Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын 23 тамызда атап өтіледі.

2006 жылы  Көкшетауда «Шахматы Казахстана» атты республикалық журналдың алғашқы саны жарық көрді. Басылымның бас редакторы - әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев. Түрлі-түсті 34 беттік, әр тоқсанда бір рет шығарылатын журнал республика көлемінде таратылады. Басылымның тұсаукесер санында шахмат тарихынан мәтіндер, соңғы шахмат спартакиадалары, турнир қорытындылары, шахмат жөніндегі теориялық мақалалар берілген.

1914 жылы  Жапония Германияға соғыс жариялады.

2005 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Винное ауылының маңында жаңа ипподром ашылды.
Жаңа ипподромның көрермендерге арналған трибунасы 500 орынға есептелген, жүгіру алаңы - екі жарым километр. Жүгіру алаңының ені жарыстың он екі қатысушысына арналған.

2007 жылы Астанадағы Конгресс-Холлда тәжік қылқалам шеберлерінің ең таңдаулы туындылары және фотосуреттер көрмесі болып өтті.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Қазақ әуендері» АҚ.
Көрмеге 48 өнер туындысы қойылды. Жұртшылықтың назарына Лутфия Ашурованың «Таудағы көктем», «Табиғат көрінісі» атты қолдан тоқыған еңбектері, Заур Дахтенің «Ұйқыдағы Будда», ІІІ-V ғасырдағы «Ямчунь бекінісі» сияқты Тәжікстанның еңбек сіңірген суретшілері мен жас таланттардың елдің табиғатын, тұрмысын, саяси өмірін, ежелгі тарихын бейнелеген суреттері және фотосуреттері ұсынылды.

1996 жылы Алматы қаласында, Достық даңғылы мен Жамбыл көшелерінің қиылысына ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылды.

1996 жылы  Алматыда қырғыз елінің елшілігі ашылды.

2009 жылы  Павлодарлық облыстық көркем мұражайында суретшi Камиль Катлеевтің көрмесi өттi.
Бұл суретшінің алғашқы көрмесі. Экспозицияларда 50-ден астам суреттер ұсынылған, онда Ертістегі күннің шығуы және батуы, жаздың ыстық күндері және қыстың көгілдір сәуле таратқан күндері бейнеленген.
Камиль Катлеев бейнелеу өнерін белгілі Иван Лагутиннiң изостудиясындағы шеберханасында алпысыншы жылдары оқыған. Кейінен оқуын Омск педагогикалық институтының сурет-графика факультетінде жалғастырған. Суретшінің жұмыстары облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қойылған.

Бөлісу: