22 Тамыз 2013, 06:50
Орыс актері, КСРО халық әртісі, РКФСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Юрий Владимирович Никулин(1921-1997) еске алу күні.
1991 жылы Елбасы Жарлығымен республикада Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты еліміздің егемендігін, мемлекеттілігін, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді.
2000 жылы Алматыда украин халқының ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың (1814-1861) ескерткіші ашылды. Ескерткіш салмағы 12 тонна, биіктігі 3,5 метр. Авторы - украиндық мүсінші Виталий Рожик. Оңтүстік астанаға украин халқының сыйлығы Алматы әкімшілігі мен Украин елшілігінің бастамасымен жасалынды.
2000 жылы Қостанай қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қызмет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» қаулысы жарық көрді.
1888 жылы американдық өнертапқыш Барроуз Уильям Сьюард (Burroughs William Seward) есептеуіш машинасына патент алды. Деректерді енгізу клавиатура арқылы жүргізіліп, нәтижесі қағаз таспаға басып шығарылды. Бұл өнертабысы үшін ол Франклин институтының Джон Скотт медалімен марапатталған.
2004 жылы Ә.Қастеев мұражайында «ICOMOS Қазақстанда» атты жаңа қоғамдық ұйымның тұсаукесер рәсімі өтті. ICOMOS мақсаты - әлемдегі мәдени мұралардың сақталуына көмек көрсету. Әлемде 7 мыңға жуық жеке тұлға мен ұйым аталған ұйымның мүшесі. Олар өз қызметтерін 110 елде орналасқан ұлттық комитет желілері арқылы жүзеге асырады.
1959 жылы Гавай аралдары АҚШ құрамына елдің 50-ші штаты болып қосылды.
2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Украин ұлттық-мәдениет орталығы құрылды. Украин мәдениет орталығының басты міндеті - облысты мекен еткен барлық ұлт өкілдерінің арасындағы достықты нығайту.
2009 Өскеменде «Дала әні» және «Көшпелілер» атты екі жаңа мүсіндер орнатылды. Мүсіндердің авторы - қазақстанның танымал дизайнері Жанат Елубаева. «Дала әні» - ерекше композиция. Аталмыш мүсінің аталу себебі, ол жерде кішкене ғана жел соққан кезде ерекше бір дыбыс шығаратын камертон орналасқан. Бірінші мүсінің таяу маңында «Көшпелілер» орналасқан. Бұл шығармалардың басты идеясы атамұраны насихаттау болып табылады.