19-тамыз

22 Тамыз 2013, 06:50

Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. 1992 жылғы тамыздың 18-індегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды. Рига қаласының күні. Рига қаласының іргетасы 1201 жылы қаланған деп саналады. Бірақ, археологиялқ мәліметтерге қарағанда XII ғасырдың бірінші жартысында бұл жерде елді мекен болған. Көпшілік лингвистердің пікірінше қала атауы көне балтық Ring (өзеннің бұрылған жері) сөзінен шыққан. Қаланың негізін қалаған тарихи тұлға туралы ғалымдар арасында қарама-қайшылық бар. Дегенмен Бертольд, Мейнхард және Альберт фон Аппельдерн атты үш эпископтың аты жиі аталады. Ал осылардың соңғысы ресми түрде Рига қаласының негізін қалаушы деп танылған. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлығы шықты. 1992 жылы   Бельгия Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 1993 жылы Швейцарияның Локарно қаласында өткен кинофорумда Ермек Шынарбаевтың «Сұрғылт үш бұрышты орын» фильмі «Алтын қабылан» жүлдесін жеңіп алды.  2004 жылы «Қазпошта» АҚ-ы қоғамының 10 жылдық мерейтойына орай Қазақстан аумағында пошталық төлемнің жаңа мемлекеттік белгісін айналымға енгізді. 2005 жылы Алматыда «Қазшах» атты төрт адамға арналған шахмат ойынының таныстырылымы болды. «Қазшах» - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеевтiң ойлап шығарған шахматтың жаңа бiр түрi. Ойын 64 тор көзге бөлінген тақтайда жүредi. Ойынға екі бақталас қатысады, олардың қанжығасында ақ және қара түсті 16 тас болу керек. 2007 жылы  Ақордада Қазақстан мен Қытай арасында жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысында мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы бірлескен коммюникеге қол қойды. Сонымен қатар, келіссөздердің қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар Алматы қаласында Қытай Халық Республикасы Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімге, Атасу-Алашаңқай магистральдық мұнай құбырын пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімге, 2004 жылғы мамырдың 17-сі күнгі екі ел үкіметтері арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы компаниялар тобы мен Қытай экспорттық-импорттық банкінің арасындағы кредиттік шартқа, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы компаниялар тобы мен Цзюцианьдік металлургия корпорациясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. 1992 жылғы тамыздың 18-індегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды.

Рига қаласының күні. Рига қаласының іргетасы 1201 жылы қаланған деп саналады. Бірақ, археологиялқ мәліметтерге қарағанда XII ғасырдың бірінші жартысында бұл жерде елді мекен болған. Көпшілік лингвистердің пікірінше қала атауы көне балтық Ring (өзеннің бұрылған жері) сөзінен шыққан. Қаланың негізін қалаған тарихи тұлға туралы ғалымдар арасында қарама-қайшылық бар. Дегенмен Бертольд, Мейнхард және Альберт фон Аппельдерн атты үш эпископтың аты жиі аталады. Ал осылардың соңғысы ресми түрде Рига қаласының негізін қалаушы деп танылған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлығы шықты.

1992 жылы   Бельгия Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1993 жылы Швейцарияның Локарно қаласында өткен кинофорумда Ермек Шынарбаевтың «Сұрғылт үш бұрышты орын» фильмі «Алтын қабылан» жүлдесін жеңіп алды.

 2004 жылы «Қазпошта» АҚ-ы қоғамының 10 жылдық мерейтойына орай Қазақстан аумағында пошталық төлемнің жаңа мемлекеттік белгісін айналымға енгізді.

2005 жылы Алматыда «Қазшах» атты төрт адамға арналған шахмат ойынының таныстырылымы болды.
«Қазшах» - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеевтiң ойлап шығарған шахматтың жаңа бiр түрi. Ойын 64 тор көзге бөлінген тақтайда жүредi. Ойынға екі бақталас қатысады, олардың қанжығасында ақ және қара түсті 16 тас болу керек.

2007 жылы  Ақордада Қазақстан мен Қытай арасында жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысында мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы бірлескен коммюникеге қол қойды.
Сонымен қатар, келіссөздердің қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар Алматы қаласында Қытай Халық Республикасы Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімге, Атасу-Алашаңқай магистральдық мұнай құбырын пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімге, 2004 жылғы мамырдың 17-сі күнгі екі ел үкіметтері арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы компаниялар тобы мен Қытай экспорттық-импорттық банкінің арасындағы кредиттік шартқа, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы компаниялар тобы мен Цзюцианьдік металлургия корпорациясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бөлісу: