22 Тамыз 2013, 06:50
Спорт күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-ындағы Жарлығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Білім және денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.
Индонезия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1945). Индонезия - Оңтүстік-Шығыс Азияда Малайя архипелагының үлкен бөлігін алып жатқан мемлекет. Ел аумағы 17 508 аралдан тұрады. Халқының саны жағынан дүние жүзінде төртінші орында. Әкімшілік жағынан 27 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Джакарта қаласы. Мемлекеттік тілі - индонезия тілі, сонымен қатар 300-ге жуық тіл мен диалект қолданылады. Ақша бірлігі - рупи. Мемлекет басшысы - Президент. Ол Министрлер Кабинетін басқарады және Қарулы Күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Жоғарғы заң шығарушы органы - Халықтық консультативтік конгресс.
Қазақстан Республикасы мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы маусымның 2-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Тілеуберді Мұхтар. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Сусанто Пуджомартоно.
Габон Республикасының Тәуелсіздік күні (1960). Габон - Орталық Африканың батысында орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Экваторлық Гвинеямен, солтүстігінде Камерунмен, шығысында және оңтүстігінде Конго Республикасымен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Либревиль қаласы. Мемлекеттік тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - франк. Бүгінгі таңда Габон табиғи бай ресурсының және шетел инвестициясының арқасында Африка елдерінің алдыңғы қатарында.
2000 жылы Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі, өз заманындағы және қазіргі кездегі ең таңдаулы өлеңдердің авторы Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) есімі берілді.
2005 жылы Жамбыл облысының Жалпақтөбе ауылындағы көшелердің біріне Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілген.
Талас өзенінің жағасындағы ауылда, бұрынғы атауы Дунгановка (мұнда дұнған диаспорасының көптеген өкілдері өмір сүреді), сазгер өзінің көптеген шығармаларын жазған, соның ішінде «Дұнған қызы» өлеңі.
2009 жылы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылы жанындағы «Хан сүйегі» төбесінде Уәли хан (1741-1820) кесенесі бой көтерді.
1820 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін жерленген қабірдің басына 1904 жылы Сұлтанғазы есімді немересі белгі тас орнатқан. Құлпытас бертінге дейін сақталған. Тек тың игеру жылдары құлпытас ортан белінен қирап, шалғы шыңдайтын тасқа айналған.
ауыл азаматтары Уәли ханның осы бір тасын іздеп тауып, қалпына келтірді.