15-тамыз

22 Тамыз 2013, 06:46

Үндістан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1947). Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Қытай, Непалмен, солтүстік-батысында  Пәкістан, Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бутан, Бирмамен (Мьянма) шектеседі. Мемлекет құрамына Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары да кіреді. Халқының саны жағынан Қытайдан кейінгі екінші орында. Астанасы - Дели қаласы. Ресми тілі - хинди, ағылшын тілдері, сондай-ақ әртүрлі штаттарында мемлекеттік тіл дәрежесінде қолданылатын 10-нан астам тіл бар. Жалпы Үндістанда 1600-дан астам тіл мен диалекті бар. Үндістан 25 штаттан және 7 одақтас аумақтан тұратын Федеративті Республика. Әр штатының және кейбір одақтас аумағының министр басқаратын үкіметі және заң шығару жиналысы бар. Үндістанның мемлекет басшысы - Премьер-Министр. Ақша бірлігі - рупий. Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-інде орнатылды. Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Ашок Саджанхар. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Омаров Қайрат Ермекұлы. Корея Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика жарияланған күні (1948). Корея - Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Шекарасы Қытаймен және Ресеймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын  6 қаладан тұрады. Астанасы - Сеул қаласы. Ресми тілі - корей тілі. Ақша бірлігі - вон. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс. Қазақстан Республикасы мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 28-інде орнатылды. Қазақстанның Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Дулат Бәкішев. Корей Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Ким Иль-су. Конго Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Конго - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Анголамен, шығысында Конго Демократиялық Республикасымен, солтүстігінде Камерун, Орталық Африка Республикасымен, батысында Габонмен, оңтүстік-батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 10 облысқа және Браззавиль автономиялық коммунасына бөлінеді. Астанасы - Траззавиль қаласы. Ресми тілі - француз тілі, сонымен қатар банту тілі мен Конго өзенінің орта ағысы аумағындағы этноаралық сөйлесу тілі лингала кеңінен тараған. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Сенат және Ұлттық жиналыс. Поляк Халық армиясы күні. 1920 жылы тамыз айында Қызыл Армияның Батыс майданы мен Поляк Армиясы арасында Варшава шайқасы болды. Шайқас тамыздың 13-нен 16-ына дейін созылды. Ұлттық еске алу күні (Нидерландыда өтетін жыл сайынғы үлкен шеру (Голландия)). Бұл күн Тынық мұхитта екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай атап өтіледі. Жыл сайын Амстердамның оңтүстік бөлігіндегі Мартин Лютер Кинг саябағында карнавалдар мен қойылымдардың үлкен шеруі өтеді. Саябаққа кіру кешкі сағат 18.00-ге дейін тегін, одан кейін ақылы. Сонымен қатар саябақта пародия думаны өтеді. Археолог күні. Археология - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология термині жыл санауға дейінгі 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ретінде қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілген. Коста-Рикада аналар күні. Жыл сайын аталып өтіледі. Қазақстанның халық артисі, қазақ вальсінің королі, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Қазақстан картасында жаңа екі қаланың пайда болған күні.  Қазақстан картасында 1961 жылдың 15 тамызы күні Абай және Шахтинск қалалары пайда болды. Абай Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы. Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған.1961 жылы қалаға айналған. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Шахтинск қаласы (бұрынғы атауы Тентек) Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында Қарағандыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған.

Үндістан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1947). Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Қытай, Непалмен, солтүстік-батысында  Пәкістан, Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бутан, Бирмамен (Мьянма) шектеседі. Мемлекет құрамына Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары да кіреді. Халқының саны жағынан Қытайдан кейінгі екінші орында. Астанасы - Дели қаласы. Ресми тілі - хинди, ағылшын тілдері, сондай-ақ әртүрлі штаттарында мемлекеттік тіл дәрежесінде қолданылатын 10-нан астам тіл бар. Жалпы Үндістанда 1600-дан астам тіл мен диалекті бар. Үндістан 25 штаттан және 7 одақтас аумақтан тұратын Федеративті Республика. Әр штатының және кейбір одақтас аумағының министр басқаратын үкіметі және заң шығару жиналысы бар. Үндістанның мемлекет басшысы - Премьер-Министр. Ақша бірлігі - рупий.
Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-інде орнатылды. Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Ашок Саджанхар. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Омаров Қайрат Ермекұлы.

Корея Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика жарияланған күні (1948). Корея - Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Шекарасы Қытаймен және Ресеймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын  6 қаладан тұрады. Астанасы - Сеул қаласы. Ресми тілі - корей тілі. Ақша бірлігі - вон. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс.
Қазақстан Республикасы мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 28-інде орнатылды. Қазақстанның Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Дулат Бәкішев. Корей Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Ким Иль-су.

Конго Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Конго - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Анголамен, шығысында Конго Демократиялық Республикасымен, солтүстігінде Камерун, Орталық Африка Республикасымен, батысында Габонмен, оңтүстік-батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Әкімшілік жағынан 10 облысқа және Браззавиль автономиялық коммунасына бөлінеді. Астанасы - Траззавиль қаласы. Ресми тілі - француз тілі, сонымен қатар банту тілі мен Конго өзенінің орта ағысы аумағындағы этноаралық сөйлесу тілі лингала кеңінен тараған. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Сенат және Ұлттық жиналыс.

Поляк Халық армиясы күні. 1920 жылы тамыз айында Қызыл Армияның Батыс майданы мен Поляк Армиясы арасында Варшава шайқасы болды. Шайқас тамыздың 13-нен 16-ына дейін созылды.

Ұлттық еске алу күні (Нидерландыда өтетін жыл сайынғы үлкен шеру (Голландия)).
Бұл күн Тынық мұхитта екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай атап өтіледі. Жыл сайын Амстердамның оңтүстік бөлігіндегі Мартин Лютер Кинг саябағында карнавалдар мен қойылымдардың үлкен шеруі өтеді. Саябаққа кіру кешкі сағат 18.00-ге дейін тегін, одан кейін ақылы. Сонымен қатар саябақта пародия думаны өтеді.

Археолог күні. Археология - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология термині жыл санауға дейінгі 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ретінде қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілген.

Коста-Рикада аналар күні. Жыл сайын аталып өтіледі.

Қазақстанның халық артисі, қазақ вальсінің королі, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақстан картасында жаңа екі қаланың пайда болған күні.

 Қазақстан картасында 1961 жылдың 15 тамызы күні Абай және Шахтинск қалалары пайда болды.
Абай Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы. Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған.1961 жылы қалаға айналған.
Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар.
Шахтинск қаласы (бұрынғы атауы Тентек) Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында Қарағандыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған.

Бөлісу: