22 Тамыз 2013, 06:46
Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1947). Осыдан 60 жыл бұрын Үнді субқұрлығындағы мұсылмандар ұзаққа созылған, бірақ, бейбіт күрестің нәтижесінде өз мемлекеттігін құрып, тәуелсіздігіне қол жеткізген болатын. Каид-е-Азам Мұхаммад Әли Джин бастаған мұсылмандардың басты мақсаты Британияның құлдық езгісінен босану ғана емес, дербес, тәуелсіз мемлекет құру еді. Пәкістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстік, солтүстік-шығысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығысында Үндістанмен, батысында Иранмен, оңтүстігі Араб теңізімен шектеседі. Пәкістан Үндістанмен арада жатқан Джамму және Кашмир аумақтары үшін дауласуда. Астанасы - Исламабад қаласы. Ресми тілі - урду тілі, сонымен қатар пушту, синдхи, сараики, балох, ағылшын тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі - пәкістандық рупий.
Қазақстан Республикасы мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-інде орнатылды. Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Шабарбаев Бақытбек. Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Ирфан-ур-Рехман Раджа.
Қадір түні. Биыл тамыздың 14-інен 15-іне қараған түн - бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған - Қадір түні. Бұл түн тек Рамазан айында ғана болады және сауабы жағынан бұл түнге сәйкес келетін түн жоқ. Қадыр кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады. Кейбір мұсылмандар Қадір түнінде түні бойы дастархан жайып қойып, қолдарын қусырып отырумен шектеледі. Не болмаса, теледидар қарап, әңгіме айтумен өткізеді. Түні бойы көз ілмей шықсақ жеткілікті деп есептейді. Бұл да - қате. Имамдардың айтуынша, Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Португалдық корриданың туған күні. Жыл сайын Абиул қаласында ежелгі ұлттық дәстүр бойынша өтеді.
Ресейде денешынықтырушылар күні. Ресейде жыл сайын тамыз айының екінші сенбісінде атап өтіледі.
Кенесары хан бастаған әскердің Атбасар (Екатеринск) бекінісін алған күні.
Кенесары хан бастаған көтерілістің өрлеп, Ресей империясына үрей туғызған кезеңі 1844-45 жылдары болатын. Дәл осы кезеңде Кенесары әскерлерінің қауқары көптеген бекіністерді басып алуға шамалары жетті. Атбасар бекінісіне толассыз шабуылдаған ханның әскері 1844 жылы 14 тамызда бекіністі өзіне қаратты. Осы уақытта Кенесарыға қарсы Ор бекінісі мен Ұлытау, Тобыл маңынан жиналған патша әскері жиналды. Атбасар бекінісін Кенесарының басып алуы көтерілістің даңқын асқақтатты. Бірақ Кенесары әскері Атбасар бекінісін тұрақтамады. 1845 жылы Кенесары Ұлы жүзді бетке алды. Осы жылы қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алады. Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады. Ал, келер жылы Кенесары мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Сарыбағыш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік тайпалары қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартты. 1846 жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Қамал түбегін басып алды, мақсаты – жау күшіне соққы беру және өз жағына жаңа ауылдарды тарту болды. Бұл кезде Кенесарының 10 000-дай жасағы болды, зеңбіректері бар еді. Қосылғысы келмеген ауылдарға күш көрсетті. 1847 жылы сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Қырғыздармен соғыс Ыстықкөлдің тау шатқалы қойнауында, Шу өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты.