«Жығылған күреске тоймайды» демекші, «Сарыарқа» төсінде ойсырата жеңіліс тапқан шотландиялық «Селтик» командасы құрбанға шалынған қойдың қанын көріп, «Астана-Арена» алаңда дұрыс ойнай алмадық деп, УЕФА-ға «Шахтердің» атына шағым түсірмекші, деп жазады BNews.kz тілшісі «Советский спорт» басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, жануарға деген мұндай қарым-қатынасты көрген шотландықтар психологиялық күйзеліс алып, оның салдары ойын барысына әсер етті-міс. Қонаққа келген футболшылар алаңда қанның ізін көріп, қатты шошыған екен, деп жазады Интерфакс.
Ал УЕФА-ның баспасөз офицері Сергей Борисов құрбандыққа шалынған қойға бола шағым түсіру «Селтикке» жақсы ат әпермейді деп отыр.
«Ешқандай ережеде құрбандық шалуға тыйым салынбаған. Егер де «Селтик» сондай шағым түсіретін болса, оны қанағаттандыруға ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын. Және құрбандыққа шалу рәсімі ресми шара, жаттығу немесе баспасөз мәжілісі барысында жасалған жоқ. Егер команда өз дәстүріне сай әрекет жасаса, ол оның жеке шаруасы. Сондықтан осынау шағымды УЕФА-да әлдебіреу шындап қарастыруға кіріседі дегенге өз басым сене қоймаймын», - деп мысалға келтіреді ИТАР-ТАСС Борисовтың пікірін.