2013 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде сағат 11.00-де Білім күніне арналған «Білім әлеміне саяхат» мерекелік сабағы өткізіледі. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мерекенің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының қоғамдық бірлестігі.
Білім күнін елордада алғашқы болып Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бірінші сыныпқа баратын оқушылары мерекелейтін болады. Кішкентай азаматтар өздерінің алғашқы сабағын Конституция күніне арнайды.
2013 жылдың 30 тамызында республикамыз тарихтағы ең маңызды оқиға, егемен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік даму іргетасы болып табылатын тарихи маңызы зор құжат мемлекеттің Негізгі Заңының 18 жылдығын атап өтеді. Болашақ бірінші сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтары мектеп табалдырығын аттай отырып, Конституцияда көрсетілген өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы мәлімет алатын болады.
«Балалар үшін мереке 40 минуттық сабақ түрінде өткізіледі, тек оқушылар математика мен әдебиет орнына Білім әлеміне таңғажайып саяхатқа аттанады, Негізгі Заңның қалыптасу тарихымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Конституция жобасын жасаудағы рөлі туралы мәлімет алатын болады. Музей әлеміне саяхатта балалар Отанымыздың тәуелсіздік тарихының жарқын беттерімен танысуға мүмкіндік алады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Конституция күніне орай балалардың орындауында мереке қонақтары вокалдық-хореографиялық композицияны тамашалайтын болады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі алғашқы сабақтан естелік ретінде оқушыларға ұйымдастырушылардан сыйлықтар мен кәдесыйлар дайындалды.
bnews.kz