АҚШ-та бұрынғы әскери қызметкер, атышулы WikiLeaks сайтына ақпарат беруші Брэдли Мэннинг 35 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады РБК.
Ол 2010 жылы Иракта Джулиан Ассанджтың WikiLeaks әшкерелеуші жобасына 700 мың құпия хаттарды, соның ішінде АҚШ-тың Ирактағы армиясы әскери қызметкерлерінің қылмыстары жайлы ақпаратты таратқаны үшін ұсталған болатын.
Б.Мэннинг айыптаулардың 21 пунктінің 19-ы бойынша айыпты деп табылды, алайда ең маңызды пункт - жауға көмектесу бойынша ол ақталып шықты. Өйтпегенде ол өмір бойы бас бостандығынан айырылар еді.
АҚШ-тың әскери командованиесінің мәліметі бойынша, Мэннингтің әрекеттерінен келген залалдың мөлшері шамамен 6,2 млрд. долларды құрады.
ҚазАқпарат.