28-шілде

21 Тамыз 2013, 10:05

РФ-да Әскери-Теңіз флоты күні. Ресейдә және Украинада христиан дінінің қабылданған күні Перу Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Перу - Оңтүстік Американың батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Эквадор, Колумбиямен, шығысында Бразилия, Боливиямен, оңтүстігінде Чилимен шектеседі. Астанасы - Лима қаласы. Ресми тілі - испан, кечуа және аймара тілдері. Ақша бірлігі - нуэво соль. Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылғы ақпанның 6-ында орнатылды. PR-маманы күні. 2003 жылы шілденің 28-інде Ресей Федерациясының еңбек және әлеуметтік даму министрі Жалпыресейлік жұмысшылар кәсібін, қызметкерлер лауазымын және тарифтік дәрежесін жіктеушімен жұртшылықты байланыстырушы мамандардың біліктілік сипаттамасын енгізу туралы қаулыға қол қойды. Кәсіпті мемлекеттік тіркеу үдерісі 2001 жылы Ресей жұртшылықпен байланыс қауымдастығының бастамасымен басталды. PR - ұйымның негізгі бизнесін дамытуға мүмкіндік беретін  маркетинг, жарнама сияқты мәртебеге ие болды. 2004 жылы шілденің 24-інде Ресей PR-қауымдастығы кәсіптің мемлекеттік тіркелген күнін атап өтті. Сол кезден бастап  PR-маманы күнін жыл сайын атап өту дәстүрі қалыптасты. 1914 жылы  адамзат тарихындағы қаруланған ең ірі қақтығыстардың бірі - Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымы күні австриялық эрцгерцог Франц Фердинандты  сербиялық студент Гаврил Принциптің өлтіруі себеп болды. Гаврил Принцип барлық оңтүстікславяндық халықтарды бір мемлекетке шоғырландыру үшін күрескен «Млада Босна» жасырын ұйымының мүшесі болды. 2003 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 10 000 теңгелік банкнотты айналымға енгізді.  2007 жылдың мамыр айында Бангкокте  өткен банкноттар мен шақалар жасаудың технологиясына, оларды қорғаудың осы заманғы элементтеріне, қолма-қол ақшаның әртүрлі елдердегі айналымы проблемаларына арналған Currency конференциясында  2006 жылы қарашада шығарылған қазақстандық 10 000 теңгелік банкнот «Таңдаулы жаңа банкнот» аталымында бірінші орынға ие болды. 2000 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының стратегиялық мүддесінде ерекше маңызы бар ұйымдар мен нысандардың қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік нысандарының тізбесі туралы Жарлыққа қол қойды. 1851 жылы әлемде алғаш рет күннің толық тұтылуы суретке түсіріліп алынды (дагерротипке түсірілді). 1862 жылы АҚШ-тың Монтано штатында алтын табылды, бұл халық арасында алтын дүрлікпесін тудырды. 1992 жылы  Ауғанстанда әйелдерге телеарналарға шығуға тыйым салынды.

РФ-да Әскери-Теңіз флоты күні.

Ресейдә және Украинада христиан дінінің қабылданған күні

Перу Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Перу - Оңтүстік Американың батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Эквадор, Колумбиямен, шығысында Бразилия, Боливиямен, оңтүстігінде Чилимен шектеседі. Астанасы - Лима қаласы. Ресми тілі - испан, кечуа және аймара тілдері. Ақша бірлігі - нуэво соль. Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылғы ақпанның 6-ында орнатылды.

PR-маманы күні. 2003 жылы шілденің 28-інде Ресей Федерациясының еңбек және әлеуметтік даму министрі Жалпыресейлік жұмысшылар кәсібін, қызметкерлер лауазымын және тарифтік дәрежесін жіктеушімен жұртшылықты байланыстырушы мамандардың біліктілік сипаттамасын енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Кәсіпті мемлекеттік тіркеу үдерісі 2001 жылы Ресей жұртшылықпен байланыс қауымдастығының бастамасымен басталды. PR - ұйымның негізгі бизнесін дамытуға мүмкіндік беретін  маркетинг, жарнама сияқты мәртебеге ие болды. 2004 жылы шілденің 24-інде Ресей PR-қауымдастығы кәсіптің мемлекеттік тіркелген күнін атап өтті. Сол кезден бастап  PR-маманы күнін жыл сайын атап өту дәстүрі қалыптасты.

1914 жылы  адамзат тарихындағы қаруланған ең ірі қақтығыстардың бірі - Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымы күні австриялық эрцгерцог Франц Фердинандты  сербиялық студент Гаврил Принциптің өлтіруі себеп болды. Гаврил Принцип барлық оңтүстікславяндық халықтарды бір мемлекетке шоғырландыру үшін күрескен «Млада Босна» жасырын ұйымының мүшесі болды.

2003 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 10 000 теңгелік банкнотты айналымға енгізді.  2007 жылдың мамыр айында Бангкокте  өткен банкноттар мен шақалар жасаудың технологиясына, оларды қорғаудың осы заманғы элементтеріне, қолма-қол ақшаның әртүрлі елдердегі айналымы проблемаларына арналған Currency конференциясында 
2006 жылы қарашада шығарылған қазақстандық 10 000 теңгелік банкнот «Таңдаулы жаңа банкнот» аталымында бірінші орынға ие болды.

2000 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының стратегиялық мүддесінде ерекше маңызы бар ұйымдар мен нысандардың қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік нысандарының тізбесі туралы Жарлыққа қол қойды.

1851 жылы әлемде алғаш рет күннің толық тұтылуы суретке түсіріліп алынды (дагерротипке түсірілді).

1862 жылы АҚШ-тың Монтано штатында алтын табылды, бұл халық арасында алтын дүрлікпесін тудырды.

1992 жылы  Ауғанстанда әйелдерге телеарналарға шығуға тыйым салынды.

Бөлісу: