21 Тамыз 2013, 09:54
"Астана-Арена" стадионындағы жанкүйерлер санының жаңа рекорды тіркелді деп жазады vesti.kz сайты.
"Шахтер" мен "Селтик" ойынына 29 950 адам келген. Бұдан бұрынғы 29 300 жанкүйерлік матч Қазақстан мен Германия арасындағы әлем чемпионатына іріктеу циклінің аясында тіркелген. Елордалық аренадағы абсолютті көрсеткішке 50 жанкүйер ғана жетіспей қалды. "Астана-Аренаның" сыйымдылығы 30 000 адам. Алайда, 30 мың билеттің барлығы сатылып кеткен. Қалған 50 билет не алыпсатарлардың қолында қалды, не жанкүйерлер ойынды теледидардан тамашалауды жөн көрген.