21 Тамыз 2013, 09:52
Никарагуа Республикасының Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979).
Миғраж түні. 2009 жылғы шілденің 19-ынан 20-ына қараған түн - 1430 хижра жылының 26-27-ші ережебі. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн (жексенбіден дүйсенбіге қараған түн).
Жапонияда Әйел министрлер күні. «Саясаттағы әйел», «үкіметтегі әйел» қазіргі қоғамда қалыпты қабылданатын тіркестер. Әлемдік тарихта саясаткер-әйел, министр-әйел, президент-әйел болған ерекше есімдер болды. Жапонияда әйел заты үкіметте алғаш рет 1960 жылы пайда болды. 1960 жылдың 19 шілдесінде Накаяма Маса министр лауазымын алған Жапониядағы алғашқы әйел болды. Ол Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. Содан бері 19 шілде Жапонияда Әйел министрлер күні ретінде ресми емес жағдайда атап өтіледі.
1949 жылы Лаос Франциядан азаттық алды.
1954 жылы Элвис Преслидің алғашқы синглі шықты.
1991 жылы Тегеранның мыңдаған тұрғыны қытай астрологы онда күшті жер сілкінісі болады деп болжағаннан кейін қаланы тастап кетті.
1966 жылы Атлантада XXVI Олимпиада ойындары басталды. Оған спортшылардың рекордты саны - 10 744 (7060 ер, 3684 әйел) адам қатысты.
2003 жылы тілді ауыстырып салу бойынша әлемдегі алғашқы операция сәтті өтті.
1799 жылы ежелгі мысыр жазуы басылған Россет тасы табылды. Осы тастың арқасында Ежелгі мысыр тілінің сыры ашылды.
1919 жылы Лос-Анджелесте үлкен жылдамдықпен жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстау үшін аэроплан пайдаланылды.
1893 жылы орыс ақыны ВладимирМаяковский дүниеге келді. Ол Грузияда туған. 1911 жылы А.Крученых, Д.Бурлюк, В.Хлебниковтармен бірге орыс футуристерінің әдеби тобын құрып, өздерін «кубуфутуристер» деп атады. 1912 жылы Маяковский осы ақындармен бірге «Қоғамдық талғамға шапалақ» атты футуристер манифесін жариялады. 1914 жылы футуризмнің әдеби жиындарына қатысқаны үшін ол Мәскеудің кескін және көркемсурет училищесінен шығарылды. 1913 жылы «Владимир Маяковский» трагедиясы Петербург театрында қойылды. Трагедияны Б.Пастернак жоғары бағалады. Оның «Соғыс жарияланды», «Ана және немістер зая кылған кеш» өлеңдерінде соғыстың мағынасыз қантөгіс екені суреттеледі. Шығармаларындағы жаңа белес «Шалбарлы бұлт», «Соғыс және бейбітшілік», «Адам» поэмалары. Қазан төңкерісінен кейінгі шығармаларында өмір болмысын, шындықты суреттей отырып, ақын шығармаларының негізгі әдісі - төңкерісшіл романтизм үлгісіндегі «Біздің марш», «Солға марш», «Бұл туралы», «Владимир Ильич Ленин» поэмаларын жазды. Кезең талабына үн қосып, партия, кеңес өкіметі шешімдеріне сай үгіт-насихатқа берілгенімен, жаңа жағымсыз болмыс құбылысын да аяусыз әшкереледі. («Кеңес төлқұжаты туралы өлең»). Ақын қоғамдағы кемшіліктерді көре білді, кеңестік тоғышарлықты, бюрократизмді, билік пен басқаруды, тұтастай алғанда тоталитарлық жүйені сынап әшкереледі. «Қандала», «Монша» пьесалары Маяковскийдің сол жүйеге қарсылығының, ой қақтығысының көрінісі. Маяковский шетелдерде (АҚШ, Германия, Испания, Мексика, Франция, Куба) болып, «Париж», «Америка туралы жырлар» атты шығармалар жариялады. Маяковскийдің 20-жылдардың соңына таман жазған шығармаларында трагедиялық сарын жиі көрініс тапты («Қаржы инспекторымен поэзия туралы әңгіме»). Ол «Александр Блок өлді» мақаласында ақын өліміне қайғырды. Маяковскийдің шығармашылық ізденісі, поэтикалық жаңашылдығы орыс әдебиетіне, сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларына да көп ықпал етті (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков). Қазақ тілінде «Бар дауыспен», «Таңдамалы өлеңдер» шығармалары жарық көрді.