9-шілде

21 Тамыз 2013, 09:44

Аргентинаның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Аргентина - Оңтүстік Американың оңтүстік-шығыс бөлігін толығымен алып жатқан мемлекет. Оңтүстігінде және батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығыс және шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 1 ұлттық территорияға және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Аргентина конституциясы бойынша Федеративтік Республика. Ал басқару формасы бойынша парламентаризм элементтері бар Президенттік Республика. Мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Сонымен қатар елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып саналады. Жоғары заң шығарушы органы Сенат және Депутаттар палатасынан тұратын Ұлттық конгресс. Қазақстан Республикасы мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы маусымның 25-де орнатылды. Миғраж түні. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн (Мұсылман мейрамы). 619 жылғы Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады (түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады). Одан Миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі-аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы жарық көрді. 1974 жылы  Кеңес Одағы геологиялық және геофизикалық мәселелерді шешу үшін «Метеор-18» жасанды жер серігін ұшырды. 2009 жылы  Астанада ТМД-да алғашқы автомобильдің тозған шиналарын өңдейтін зауыт іске қосылды. Зауыттың қуаты - жылына 21 мың тонна резеңке үгінділері. Зауыттан шыққан резеңке үгінділері спорт, балалар алаңдары, стадион беттерін жабуға, жол үсті белгілерін, жаяу жүргіншілер жолдарының жабындысын, теміржолдарды, жол жиектемелері және құдықтардың қақпақтарын жасап шығаруға пайдаланылады. Германия технологиялары қолданылған жобаны Қазақстан даму банкі қаржыландырды. 2009 жылы  «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында «Ежелгі Қазақстанның қаруы және қару-жарағы» топтамасының көркемдік маркасын айналымға енгізді. Маркада XVIII ғасырдағы батырдың қалқаны бір топ жауынгердің бейнесінде бейнеленген. Марка төрт бояуда офсет, бұғылап тесу тарақты әдiсi бойынша орындалған, өлшемі 50 х 38 мм, ал тиражы 30 мың дана. Суретшi - Данияр Мұхамеджанов. Маркалар Бейжіңнің (ҚХР) пошталық төлеу таңбалар фабрикасында басып шығарылған.

Аргентинаның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Аргентина - Оңтүстік Американың оңтүстік-шығыс бөлігін толығымен алып жатқан мемлекет. Оңтүстігінде және батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығыс және шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 1 ұлттық территорияға және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Аргентина конституциясы бойынша Федеративтік Республика. Ал басқару формасы бойынша парламентаризм элементтері бар Президенттік Республика. Мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Сонымен қатар елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып саналады. Жоғары заң шығарушы органы Сенат және Депутаттар палатасынан тұратын Ұлттық конгресс.

Қазақстан Республикасы мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы маусымның 25-де орнатылды.

Миғраж түні. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн (Мұсылман мейрамы).

619 жылғы Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады (түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады). Одан Миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі-аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

2001 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы жарық көрді.

1974 жылы  Кеңес Одағы геологиялық және геофизикалық мәселелерді шешу үшін «Метеор-18» жасанды жер серігін ұшырды.

2009 жылы  Астанада ТМД-да алғашқы автомобильдің тозған шиналарын өңдейтін зауыт іске қосылды.

Зауыттың қуаты - жылына 21 мың тонна резеңке үгінділері. Зауыттан шыққан резеңке үгінділері спорт, балалар алаңдары, стадион беттерін жабуға, жол үсті белгілерін, жаяу жүргіншілер жолдарының жабындысын, теміржолдарды, жол жиектемелері және құдықтардың қақпақтарын жасап шығаруға пайдаланылады.

Германия технологиялары қолданылған жобаны Қазақстан даму банкі қаржыландырды.

2009 жылы  «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында «Ежелгі Қазақстанның қаруы және қару-жарағы» топтамасының көркемдік маркасын айналымға енгізді. Маркада XVIII ғасырдағы батырдың қалқаны бір топ жауынгердің бейнесінде бейнеленген. Марка төрт бояуда офсет, бұғылап тесу тарақты әдiсi бойынша орындалған, өлшемі 50 х 38 мм, ал тиражы 30 мың дана. Суретшi - Данияр Мұхамеджанов. Маркалар Бейжіңнің (ҚХР) пошталық төлеу таңбалар фабрикасында басып шығарылған.

Бөлісу: