21 Тамыз 2013, 09:44
1855 жылы Есет батыр жасақтары А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, оны өлтірді. Бұл көтерілістің шығуына Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендері бойын мекендеген шекті руына түтін салығын салу, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан мал жайылымының тарылуы себеп болды. 1858 жылы қыркүйекте Сам құмында жеңілген Есет батыр көтерілістен бас тартып, патша үкіметіне адал қызмет етуге уәде берді.
1920 жылы Семей уезінің Долонская станциясы мен Канонерское селосында революцияға қарсы шыққан кулактар бүлік бастады. Оларды азық-түлік салғыртына наразы болған орта шаруалардың біразы қолдады. Бүлік бастағандар «Коммунистерсіз советтер үшін!», «Еркін сауда үшін» деген ұрандар көтерген.
2005 жылы Астанада Сыртқы істер министрлігінде «ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабының таныстырылымы болды.
Бұл кітапта мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, дін қайраткерлерінің, зияткерлік және іскерлік әлемнің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері жинақталған.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы қабылданды. Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядтары құрылды.
2009 жылы Ұлттық банктің Астанадағы орталық филиалына «OLУMPIC GAMES 2010», «Ежелгі қорған қазыналары. Берел қорғаны» сериясынан - «Жыртқыш пен бұғы» және «Жалаулы көмбесі» коллекциялық шақалары келіп түсті.
«Жалаулы көмбесі» шақалары 999/1000 сынамалы, «proof» сапалы алтыннан жасалған, салмақтары 0,5 және 1,24 грамм. Олардың ішіндегі үлкенінің құны - 8500 теңге, кішісінің құны - 4500 теңге. «Жыртқыш пен бұғы» шақасы да осы сынамадан жасалған, құны да осындай.
«OLУMPIC GAMES 2010» шақасы 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм.
1994 жылы қазақстандық кинематография тарихында алғаш рет «Территория жизни» сериалының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. «Мастерс медиа» тәуелсіз телевизиялық продюсерлік орталығы түсірген экшн жанрындағы сериал әрқайсысы 30 минуттық 8 сериядан тұрады.
1994 жылы Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері кездесіп, көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Ортаазиялық ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы қабылданды. Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядтары құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Орман кодексіне» қол қойды.