5-шілде

21 Тамыз 2013, 09:44

Кабо-Верде Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1975). Кабо-Верде - Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Астанасы - Прая қаласы. Ресми тілі - португал және креол тілдері. Ақша бірлігі - эскудо. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - Ұлттық ассамблея. Армения Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні. 1995 жылғы маусымның 5-дегі жалпыхалықтық референдумда Армения Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды. Венесуэланың Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1811). Испанияның бодауында болған Венесуэла 1811 жылы тәуелсіздігін талап етті. Сол тәуелсіздігін 1830 жылы ғана алып, Оңтүстік Америкадағы бірінші тәуелсіз ел болды. Қазақстан Республикасы мен Венесуэла Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылғы мамырдың 8-інде орнатылды. Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Алжир - Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан мемлекет. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливиямен, Туниспен шектеседі. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар. Қазақстан Республикасы мен Алжир арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылғы наурыздың 15-де орнатылды. 1841 жылы  Томас Кук алғаш рет әлемдегі ең бірінші туристік агенттікті ашты. 2005 жылы  Теміртау қаласында «SOS Kinderdorf International» Халықаралық қорының қаржысына отбасылық үлгідегі балалар ауылы ашылды. Ашылу салтанатына қор президенті, «SOS Қазақстан балалар ауылы» қорының құрметті президенті, SOS - әлемдегі балалар ауылдары ұйымдық қозғалысының көрнекті қайраткері, Қазақстандағы қозғалыстың бастамашысы және оның белсенді қатысушысы Гельмут Кутин, Халықаралық қордың бас хатшысы Рихард Пихлер және «SOS Қазақстан балалар ауылы» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Галина Суворова қатысты. Теміртаудағы осынау ауылда үштен он екі жасқа дейінгі 90 бала тұрады. Самарқанд су қоймасының жағалауына салынған екі қабатты үйлердің әрқайсысында 6-7-і адамнан құралған бір отбасы тұрады. «SOS Kinderdorf International» Халықаралық қоры қаржыландыратын осындай ауылдар Алматы мен Астанада да бар.

Кабо-Верде Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1975). Кабо-Верде - Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Астанасы - Прая қаласы. Ресми тілі - португал және креол тілдері. Ақша бірлігі - эскудо. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - Ұлттық ассамблея.

Армения Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні. 1995 жылғы маусымның 5-дегі жалпыхалықтық референдумда Армения Конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды.

Венесуэланың Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1811). Испанияның бодауында болған Венесуэла 1811 жылы тәуелсіздігін талап етті. Сол тәуелсіздігін 1830 жылы ғана алып, Оңтүстік Америкадағы бірінші тәуелсіз ел болды.

Қазақстан Республикасы мен Венесуэла Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылғы мамырдың 8-інде орнатылды.

Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Алжир - Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан мемлекет. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливиямен, Туниспен шектеседі. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар. Қазақстан Республикасы мен Алжир арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылғы наурыздың 15-де орнатылды.

1841 жылы  Томас Кук алғаш рет әлемдегі ең бірінші туристік агенттікті ашты.

2005 жылы  Теміртау қаласында «SOS Kinderdorf International» Халықаралық қорының қаржысына отбасылық үлгідегі балалар ауылы ашылды. Ашылу салтанатына қор президенті, «SOS Қазақстан балалар ауылы» қорының құрметті президенті, SOS - әлемдегі балалар ауылдары ұйымдық қозғалысының көрнекті қайраткері, Қазақстандағы қозғалыстың бастамашысы және оның белсенді қатысушысы Гельмут Кутин, Халықаралық қордың бас хатшысы Рихард Пихлер және «SOS Қазақстан балалар ауылы» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Галина Суворова қатысты. Теміртаудағы осынау ауылда үштен он екі жасқа дейінгі 90 бала тұрады. Самарқанд су қоймасының жағалауына салынған екі қабатты үйлердің әрқайсысында 6-7-і адамнан құралған бір отбасы тұрады.

«SOS Kinderdorf International» Халықаралық қоры қаржыландыратын осындай ауылдар Алматы мен Астанада да бар.

Бөлісу: