21 Тамыз 2013, 09:44
Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1776 жылы Томас Джефферсон «АҚШ Тәуелсіздігі декларациясына» қол қойды. АҚШ - Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Канадамен, оңтүстік-батысында Мексикамен шектеседі. Шығысын Атлант мұхиты, оңтүстік-шығысын Мексика шығанағы, батысын Тынық мұхиты қоршайды. Әкімшілік жағынан 50 штатқа бөлінеді. Астанасы - Вашингтон қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - доллар.
Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылғы желтоқсанның 26-ында орнатылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлердің бастан кешкен зұлматын еске алу күні
1932 жылы бір топ қазақ зиялылары - Ғ.Мүсірепов, М. Ғатаулин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, Қ. Қуанышев БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощкинге хат (бесеудің хаты) жолдады. Бастапқыда хат И. Сталинге арнап жазылған болатын. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социалистік қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды - байларды, орта шаруаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды.
1819 жылы Кронштадттан «Восток» және «Мирный» шағын қайықтары жер шарын айналған саяхатқа шықты. Осы экспедиция барысында алтыншы континент Антарктида ашылды.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Астанада жетім балаларға арналған 300 орынды мамандандырылған кәсіби-техникалық лицейді ашты. Құрылысты «Қазақмыс» корпорациясы жүргізген. Бұл оқу орнында токарь, газбен және электрмен дәнекерлеуші, экскаватор және бульдозер жүргізушісі, кранда жұмыс істеуші, электр монтері, аспаз, бармен, түрлі санаттағы жүргізуші сияқты мамандарды даярлайды. Лицейде алаңы 360 шаршы метрлік оқу-жаттығу бассейні, алаңы 180 шаршы метрлік зал және қала мектептерінің ішіндегі ең үлкен - ұзындығы 42 метрлік спортзал және 204 орындық трибуна бар.
1631 жылы Парижде алғашқы мекенжай бюросы ашылды.
1946 жылы Филиппин тәуелсіз ел болып танылды.
1960 жылы Гавай аралдарының құрамаға енуіне орай АҚШ-тың мемлекеттік туына 50-ші жұлдыз қосылды.
1975 жылы Кабо-Верде аралы Португалиядан тәуелсіздігін алды.