29-маусым

21 Тамыз 2013, 09:32

Славян бірлігі және достығы күні (Ресей, Украина және Беларустың шекара аймағында атап өтіледі). Сейшель аралдары Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1976). Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы 115 аралда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы - Виктория қаласы. Ресми тілі - креоль, ағылшын және француз тілдері. Ұлттық ақша бірлігі - сейшель рупийі. 1855 жылы Лондонда «The Daily Telegraph» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. 1916 жылы  «Боинг» ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді. 1932 жылы КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы «Балқаш маңы мыс қорыту комбинатының құрылысы туралы» қаулы қабылдады. 1964 жылы «Мақат - Ақтау» темір жолының құрылысы аяқталды. 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. 1919 жылы  Кеңес Одағының Батыры НҰРЖАНОВ Қазбек Нұржанов дүниеге келді. Ол Қарағанды облысында туған. Ол 1942 жылдың 5 сәуірінен атқыштар дивизиясына қарасты 61-ші жойғыштар дивизионының құрамында бро бұзғыштар бөлімшесінің, кейін барлаушылар взводының командирі болып ұрысқа қатысты. Волга, Орел, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Березина өзендерінен өту кездерінде асқан ерлік көрсетті. Волковск қаласын алу кезіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетіп қаза тапты. Қазір Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Қ. Нұржанов атындағы орта мектеп бар. 2008 жылы Минск қаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған. 2001 жылы  Кофи Аннан БҰҰ Бас хатшысы болып екінші мерзімге қайта сайланды. 2005 жылы  Мемлекет басшысы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 1964 жылы  теледидарды алыстан басқару пульті жасалды. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ собор мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Хазрет Сұлтан» деп атады. Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған. Орталық бас мешiттiң намаз оқитын залы 12 бұрыштан тұрады. 12 бұрыш негізінің төбесі 40 метрлік күмбезбен орналасады. Мешітте бір мезгілде 5000 адам мінажат ете алады.

Славян бірлігі және достығы күні (Ресей, Украина және Беларустың шекара аймағында атап өтіледі).

Сейшель аралдары Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1976). Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы 115 аралда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы - Виктория қаласы. Ресми тілі - креоль, ағылшын және француз тілдері. Ұлттық ақша бірлігі - сейшель рупийі.

1855 жылы Лондонда «The Daily Telegraph» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.

1916 жылы  «Боинг» ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді.

1932 жылы КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы «Балқаш маңы мыс қорыту комбинатының құрылысы туралы» қаулы қабылдады.

1964 жылы «Мақат - Ақтау» темір жолының құрылысы аяқталды.

2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

1919 жылы  Кеңес Одағының Батыры НҰРЖАНОВ Қазбек Нұржанов дүниеге келді. Ол Қарағанды облысында туған. Ол 1942 жылдың 5 сәуірінен атқыштар дивизиясына қарасты 61-ші жойғыштар дивизионының құрамында бро бұзғыштар бөлімшесінің, кейін барлаушылар взводының командирі болып ұрысқа қатысты. Волга, Орел, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Березина өзендерінен өту кездерінде асқан ерлік көрсетті. Волковск қаласын алу кезіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетіп қаза тапты. Қазір Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Қ. Нұржанов атындағы орта мектеп бар. 2008 жылы Минск қаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш орнатылған.

«Ленин», «Қызыл Жұлдыз», 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.

2001 жылы  Кофи Аннан БҰҰ Бас хатшысы болып екінші мерзімге қайта сайланды.

2005 жылы  Мемлекет басшысы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1964 жылы  теледидарды алыстан басқару пульті жасалды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ собор мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Хазрет Сұлтан» деп атады.

Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған.

Орталық бас мешiттiң намаз оқитын залы 12 бұрыштан тұрады. 12 бұрыш негізінің төбесі 40 метрлік күмбезбен орналасады. Мешітте бір мезгілде 5000 адам мінажат ете алады.

Бөлісу: