26-маусым

21 Тамыз 2013, 09:31

Мадагаскар Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Бұл ел Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан. Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Антананариву қаласы. Ресми тілдері - малагасий және француз тілдері. Ақша бірлігі - малагасий франкі. 1993 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Ұлтық жиналыс пен Сенат. Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 10 сәуірде орнатылды. Нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күні. Нашақорлыққа қарсы күрестің он жылдығы аясында, 1987 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша өткізіліп келеді. Өткен жылы Қазақстанда нашақорлыққа байланысты 9 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, 20 тоннадан астам есірткі айналымнан алынған. Жалпы өткен жылы сондай-ақ есірткіні мөлшерден артық қолданған 211 адамның көз жұмғаны да анықталып отыр. Қазақстанда нашақорлық дертіне шалдыққан 52 мыңнан астам адамның 60 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтардан тұрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні. 1997 жылғы 26 маусымда азаптау және басқа да адамшылыққа жат жазалау түрлеріне қарсы Конвенция күшіне енді. Оңтүстік Африканың бостандық үшін күрес күні. 1998 жылы  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 1992 жылы  «Қазақстан» газетінің ағылшын тіліндегі бірінші саны жарық көрді. Бас редакторы - Нұрмахан Оразбеков. 1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың Алматы қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 1996 жылы  Тегеранда Иран радиосының Қазақ редакциясы ресми түрде жұмыс істей бастады.  2009 жылы  Талдықорғанда «Ардагер» клубының жаңа ғимаратының тұсаукесер рәсімі өтті. Клуб екі жыл бұрын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері үшін құрылған. «Ардагер» өзінің бірінші күнгі қызметінен бастап жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу, әскери оқиғалар мерекелеріне, оқу орындарындағы кездесулерге арналған шараларды өткізеді.

Мадагаскар Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Бұл ел Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан. Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Антананариву қаласы. Ресми тілдері - малагасий және француз тілдері. Ақша бірлігі - малагасий франкі. 1993 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Ұлтық жиналыс пен Сенат. Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 10 сәуірде орнатылды.

Нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күні. Нашақорлыққа қарсы күрестің он жылдығы аясында, 1987 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша өткізіліп келеді. Өткен жылы Қазақстанда нашақорлыққа байланысты 9 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, 20 тоннадан астам есірткі айналымнан алынған. Жалпы өткен жылы сондай-ақ есірткіні мөлшерден артық қолданған 211 адамның көз жұмғаны да анықталып отыр. Қазақстанда нашақорлық дертіне шалдыққан 52 мыңнан астам адамның 60 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтардан тұрады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні. 1997 жылғы 26 маусымда азаптау және басқа да адамшылыққа жат жазалау түрлеріне қарсы Конвенция күшіне енді.

Оңтүстік Африканың бостандық үшін күрес күні.

1998 жылы  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

1992 жылы  «Қазақстан» газетінің ағылшын тіліндегі бірінші саны жарық көрді. Бас редакторы - Нұрмахан Оразбеков.

1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың Алматы қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

1996 жылы  Тегеранда Иран радиосының Қазақ редакциясы ресми түрде жұмыс істей бастады.

 2009 жылы  Талдықорғанда «Ардагер» клубының жаңа ғимаратының тұсаукесер рәсімі өтті.

Клуб екі жыл бұрын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері үшін құрылған. «Ардагер» өзінің бірінші күнгі қызметінен бастап жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу, әскери оқиғалар мерекелеріне, оқу орындарындағы кездесулерге арналған шараларды өткізеді.

Бөлісу: