23-маусым

21 Тамыз 2013, 09:26

Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы маусымның 23-інде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті. Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні. Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - ХОК-тың құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі. БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні. 2002 жылғы желтоқсанның 20-дағы БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен бекітілген.  Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.Штаб-пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. БҰҰ құрылымы: Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран­цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация­лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас­тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Люксембург Ұлы Герцогтігінің Ұлттық мейрамы - Ұлы Герцогтың туған күні (1921). Люксембург Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бельгиямен, шығысында Германиямен, оңтүстігінде Франциямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Астанасы - Люксембург қаласы. Мемлекеттік тілі - француз және неміс тілдері. Ақша бірлігі - еуро. Люксембург - конституциялы-монархиялы ел. Мемлекет басшысы - Люксембург Ұлы Герцогы. Жоғары заң шығарушы органы - парламент (Депутаттар палатасы). Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Қазақстан Республикасы мен  Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 29-да орнатылды. Молдова Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күн (1990). Қазақстан Республикасы мен Молдава арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-де орнатылды.

Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы маусымның 23-інде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті.

Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні. Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - ХОК-тың құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі.

БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні. 2002 жылғы желтоқсанның 20-дағы БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен бекітілген.

 Біріккен Ұлттар Ұйымыекінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.Штаб-пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. БҰҰ құрылымы: Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран­цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация­лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас­тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Ұлттық мейрамы - Ұлы Герцогтың туған күні (1921). Люксембург Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бельгиямен, шығысында Германиямен, оңтүстігінде Франциямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Астанасы - Люксембург қаласы. Мемлекеттік тілі - француз және неміс тілдері. Ақша бірлігі - еуро. Люксембург - конституциялы-монархиялы ел. Мемлекет басшысы - Люксембург Ұлы Герцогы. Жоғары заң шығарушы органы - парламент (Депутаттар палатасы). Жоғары атқарушы органы - Үкімет.

Қазақстан Республикасы мен  Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 29-да орнатылды.

Молдова Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күн (1990). Қазақстан Республикасы мен Молдава арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-де орнатылды.

Бөлісу: