20-маусым

21 Тамыз 2013, 09:23

Бүкіләлемдік  босқындар күні. БҰҰ-ның 2000 жылғы желтоқсанның 4-дегі шешімі бойынша Африка босқындарының күнімен қатар атап өтіледі.  Көптеген жылдар бойы әртүрлі мемлекеттер мен аймақтар босқындарға арналған жеке еске алу күндері, тіпті апталарын белгілеген болатын. Солардың ішіндегі ең танымалдары - кейбір елдерде 20 маусымда атап өтілетін Африка босқындарының күні болып табылады. Босқындардың көп бөлігі орналасқан Африкаға ынтымақтастық білдіре отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясы оларға қайырымдылық көрсетіп, 2001 жылы бір ауыздан арнайы резолюция қабылдады. Бас Ассамблеяның резолюциясына сәйкес 2001 жылы 1951 жылғы босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияға елу жылдық мерейтой болып өтті, Африка бірлігінің ұйымы (АБҰ) Халықаралық босқындар күні 20 маусымда болатын Африка босқындарының күнімен бір уақытта мерекеленетініне келісті. Қазіргі уақытқа дейін босқындар - қазіргі әлемнің күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Бүгінде әлемде шамамен 20 миллион босқындар мен 25 миллион жер аударылған адамдар тіркелген. Олардың негізгі бөлігі Африкада, афган қақтығысы аймағында, Балканда орналасқан. Халықаралық бірлестік осы адамдардың ауыр өмірін жеңілдету бойынша күш жұмсауға бірікті. 1950 жылы құрылған босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссар басқармасы қазір осы мақсатты шешуге күш жұмсап жатқан орталық халықаралық агенттік болып табылады. Аргентинаның мемлекеттік мейрамы - Байрақ күні. Аргентина Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 1 ұлттық территорияға және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі - испан тілі, сонымен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - архентино. Қазақстан Республикасы мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы маусымның 25-де орнатылды. 1930 жылы Қарағандыда Үгіт және мәдени жұмыстар жөніндегі жылжымалы театр (қазіргі К.С.Станиславский атындағы драма театры) ашылды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитетке кірді. 1992 жылы бірінші халықаралық темір жол қатынасы ашылып, Алматыдан Үрімжіге алғашқы жолаушылар поезі аттанды.

Бүкіләлемдік  босқындар күні. БҰҰ-ның 2000 жылғы желтоқсанның 4-дегі шешімі бойынша Африка босқындарының күнімен қатар атап өтіледі.  Көптеген жылдар бойы әртүрлі мемлекеттер мен аймақтар босқындарға арналған жеке еске алу күндері, тіпті апталарын белгілеген болатын. Солардың ішіндегі ең танымалдары - кейбір елдерде 20 маусымда атап өтілетін Африка босқындарының күні болып табылады. Босқындардың көп бөлігі орналасқан Африкаға ынтымақтастық білдіре отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясы оларға қайырымдылық көрсетіп, 2001 жылы бір ауыздан арнайы резолюция қабылдады. Бас Ассамблеяның резолюциясына сәйкес 2001 жылы 1951 жылғы босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияға елу жылдық мерейтой болып өтті, Африка бірлігінің ұйымы (АБҰ) Халықаралық босқындар күні 20 маусымда болатын Африка босқындарының күнімен бір уақытта мерекеленетініне келісті.

Қазіргі уақытқа дейін босқындар - қазіргі әлемнің күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Бүгінде әлемде шамамен 20 миллион босқындар мен 25 миллион жер аударылған адамдар тіркелген. Олардың негізгі бөлігі Африкада, афган қақтығысы аймағында, Балканда орналасқан. Халықаралық бірлестік осы адамдардың ауыр өмірін жеңілдету бойынша күш жұмсауға бірікті. 1950 жылы құрылған босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссар басқармасы қазір осы мақсатты шешуге күш жұмсап жатқан орталық халықаралық агенттік болып табылады.

Аргентинаның мемлекеттік мейрамы - Байрақ күні. Аргентина Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 1 ұлттық территорияға және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі - испан тілі, сонымен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - архентино. Қазақстан Республикасы мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы маусымның 25-де орнатылды.

1930 жылы Қарағандыда Үгіт және мәдени жұмыстар жөніндегі жылжымалы театр (қазіргі К.С.Станиславский атындағы драма театры) ашылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитетке кірді.

1992 жылы бірінші халықаралық темір жол қатынасы ашылып, Алматыдан Үрімжіге алғашқы жолаушылар поезі аттанды.

Бөлісу: