18-маусым

21 Тамыз 2013, 09:23

Әзірбайжанда адам құқығы күні. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2007 жылғы маусымның 18-дегі Қаулысына сәйкес жыл сайын атап өтеді. 1992 жылы КСРО Түркістан әскери округі таратылды. 2006  жылы Егеменді еліміздің байланыс және хабар таратуға арналған «ҚАЗСАТ» деп аталатын тұңғыш геостационарлық жер серігі жоспарланған таңғы сағат 4 сағат 44 минутта Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы келіп бақылады. «ҚАЗСАТ» жер серігінің техникалық ресурсы 12 жыл. Бұл еліміздің ең шалғай аудандары мен ауылдарын телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге арналған. 2009 жылы Оралда б.э.д. VІ-ІІ ғасырлардағы археологиялық қазбалар табылды. Табылған тұрмыс тіршілік заттары және әшекей бұйымдарды бағалау үшін Ресейдің және Германияның ғалымдары шақыртылған. Ғалымдар бұл қазбалардың тарихи маңыздылығы зор екенін бағалап, оларды халықаралық тізімге енетінін хабарлады. 1900- жылы  суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Валентин Антощенко-Оленев дүниеге келді. Ол Украинаның Полтава облысында туған. Мәскеудегі жоғарғы техникалық көркемсурет шеберханасында оқыған. «Советская степь», «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Әйел теңдігі» газет-журналдар редакцияларында жұмыс істеген. Тарихи тақырыпқа жазылған «Әкелеріміздің жастық шағы», «Қамығу», «Бостандық және өлім» графикалары, «І.Жансүгіров», «П.Пикассо», «О.Ренуар», «Ы.Жақаев», «А-Х.Ярмұхамедов», тағы басқа психологиялық портреттері және замандастар өмірінен алынған романтикалық сипаттағы «Жарқырайды жаңа құрылыс оттары», «Мазар», «Қонаққа бару» линогравюралық шығармалары бар. Шығыс тақырыбына арналған «Хиуа», «Ақындар» топтамалары бар. 1915 жылы  жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты СЕРГЕЕВ Александр Сенргеев дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Ол Ресейдің Тула қаласында туған. Алматы жоғары партия мектебін, Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген. Қарағанды облыстық радиокомитетінің бас редакторы, «Социалистическая Караганда» облыстық газеті бас редакторының орынбасары, «Казахстанская правда» республикалық газеті редакторының бірінші орынбасары, «Советский патриот» газетінің Қазақстан мен Қырғызстан бойынша меншікті тілшісі, «Ара» - «Шмель» журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. «Пастырь поневоле», «Опасное задание», «Сыновья возвращаются», «Звездное небо Талгата» әңгімелер, повестерінің, «Петербургский посол», «Искупление» романдарының авторы. Көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған. Орыс тіліне қазақ және ұйғыр жазушыларының шығармаларын тәржімәлаған. Отан соғысы орденімен, медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Әзірбайжанда адам құқығы күні. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2007 жылғы маусымның 18-дегі Қаулысына сәйкес жыл сайын атап өтеді.

1992 жылы КСРО Түркістан әскери округі таратылды.

2006  жылы Егеменді еліміздің байланыс және хабар таратуға арналған «ҚАЗСАТ» деп аталатын тұңғыш геостационарлық жер серігі жоспарланған таңғы сағат 4 сағат 44 минутта Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы келіп бақылады. «ҚАЗСАТ» жер серігінің техникалық ресурсы 12 жыл. Бұл еліміздің ең шалғай аудандары мен ауылдарын телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге арналған.

2009 жылы Оралда б.э.д. VІ-ІІ ғасырлардағы археологиялық қазбалар табылды. Табылған тұрмыс тіршілік заттары және әшекей бұйымдарды бағалау үшін Ресейдің және Германияның ғалымдары шақыртылған. Ғалымдар бұл қазбалардың тарихи маңыздылығы зор екенін бағалап, оларды халықаралық тізімге енетінін хабарлады.

1900- жылы  суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Валентин Антощенко-Оленев дүниеге келді. Ол Украинаның Полтава облысында туған. Мәскеудегі жоғарғы техникалық көркемсурет шеберханасында оқыған. «Советская степь», «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Әйел теңдігі» газет-журналдар редакцияларында жұмыс істеген. Тарихи тақырыпқа жазылған «Әкелеріміздің жастық шағы», «Қамығу», «Бостандық және өлім» графикалары, «І.Жансүгіров», «П.Пикассо», «О.Ренуар», «Ы.Жақаев», «А-Х.Ярмұхамедов», тағы басқа психологиялық портреттері және замандастар өмірінен алынған романтикалық сипаттағы «Жарқырайды жаңа құрылыс оттары», «Мазар», «Қонаққа бару» линогравюралық шығармалары бар. Шығыс тақырыбына арналған «Хиуа», «Ақындар» топтамалары бар.

1915 жылы  жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты СЕРГЕЕВ Александр Сенргеев дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Ол Ресейдің Тула қаласында туған. Алматы жоғары партия мектебін, Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген. Қарағанды облыстық радиокомитетінің бас редакторы, «Социалистическая Караганда» облыстық газеті бас редакторының орынбасары, «Казахстанская правда» республикалық газеті редакторының бірінші орынбасары, «Советский патриот» газетінің Қазақстан мен Қырғызстан бойынша меншікті тілшісі, «Ара» - «Шмель» журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. «Пастырь поневоле», «Опасное задание», «Сыновья возвращаются», «Звездное небо Талгата» әңгімелер, повестерінің, «Петербургский посол», «Искупление» романдарының авторы. Көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған. Орыс тіліне қазақ және ұйғыр жазушыларының шығармаларын тәржімәлаған. Отан соғысы орденімен, медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Бөлісу: