21 Тамыз 2013, 09:23
Бүкілдүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні. 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап атап өтіледі.
Исландия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1944). Солтүстік Еуропада Атлант мұхитындағы Исланд аралдарында орналасқан мемлекет. Ел аумағы әкімшілік жағынан 8 аймаққа, 23 ауданға бөлінеді. Астанасы - Рейкьявик қаласы. Ресми тілі - исланд тілі. Ұлттық ақша бірлігі - исланд кронасы. Исландия парламенттік республика. 1944 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады. Заң шығару билігін Президент пен бір палаталы парламент Альтинг жүзеге асырады.
Рағайып түні - Мұхаммед пайғамбардың ата-анасының үйленген күні (Мұсылман мейрамы).
Рағайып түні - Раджаб айының бейсенбіден жұмаға қараған бірінші түні. Рағайып араб тілінен аударғанда «арман, ниет» деген мағынаны білдіреді. Бұл түні Мұхаммед пайғамбардың ата-анасы Әбдулла мен Әмина некелерін қиды. Аңыз бойынша осы уақытта жерге бір топ періштелер түсіп, Абдолланың пайғамбарлық қасиеті ұлына дарыды. Бұл түні барша мұсылмандар көп дұға оқып, ораза тұту керек. сонда Бұл түні оқылған намаз үшін, ораза ұстаған үшін, садақа берген үшін Алла Тағала өзінің сауабын рақым етеді.
2003 жылы Астанада «Думан» ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтті.
Орталық тропикалық балықтары бар мұхитаралдан, 5М-кинотеатрдан, Үлкен күмбезді кеңістіктен және тамақтандыру кәсіпорындары мен сауда жүйелерінен, «Джунгли» аттракционынан тұрады.
«Думан» ойын-сауық орталығының мұхитаралы - ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жалғыз мұхитарал, мұндағы су қоры 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеуде 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Мұнда Жердің әр түкпірінен әкелінген 2000-ға жуық теңіз жәндіктері тіршілік етуде.
Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақталған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады. Бір күн ішінде мұхитаралды шамамен 3000-ға жуық адам тамашалайды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде кореялық халықаралық ынтымақтастық жөніндегі «KOICA» агенттігі Қазақстанда туристік кластерді дамыту жобасын таныстырды. Жобада Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында ғарыштық туризмді дамыту, Қамбаш көлінде курорттық аймақ салу, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде этнокурорт салу, сондай-ақ Атырау облысында «Сарайшық» керуен сарайы - туристік орталығын қалыптастыру көзделген. Жоба 2011-2020 жылдарға есептелген.