16-маусым

21 Тамыз 2013, 09:23

Африка балалары күні. Африкандық бірлік ұйымының шешімімен жыл сайын аталып өтіледі. 1991 жылы «Африка балалары» қоғамдық ұйымы құрылды. Сол күннен бастап Африкада аталған мереке үздіксіз тойланып келеді. Ол күні балалар үшін ертегілер мен таңғажайып көріністер ұйымдастырылады. Балалар күні африкалықтар үшін орны ерекше мерекенің бірі болып табылады. Медицина қызметкері күні. Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Ресейде, Украинада, Беларуста, Арменияда және Молдовада көп жылғы дәстүр бойынша аталып өтіледі. Әке күні. Көптеген елдерде маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Ол алдымен Америкада аталып өте бастады. Одан кейін Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Қытай, Жапония және басқа елдер де қосылды. Әр жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде АҚШда жанұялық мейрам «Әкелер күні» аталып өтеді. Вашингтондағы Спокейн штатында 1910 жылы 19 маусымында Соноре Доддке арналып тойланды. 1956 жылы Конгрес Ұлттық Әкелер күні ұйымының қажет екені туралы шешім қабылдады. 10 жылдан кейін АҚШ президенті Линдон Джонсон маусым айының үшінші күнін «Әкелер күні» деп жариялап үндеу қағазына қол қойды. 1972 жылы АҚШ президенті Ричард Никсон Әкелер күнін ресми түрде белгіледі. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылды. Аталмыш институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығымен жұмыс істейді. Институт директоры - Сұлтанов Болат Қылышбайұлы. 1993 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Үндістан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» және «Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің күнін бекіту туралы» Жарлықтары жарық көрді. 1963 жылы  әлемдегі тұңғыш ғарышкер-әйел Валентина Терешкова басқарған кеңестік «Восток-6» кемесі ғарышқа ұшырылды. 1920 жылы жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Кәмен Оразалин дүниеге келді. Ол Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Алғашқы өлеңдері 1938 жылдан бастап жарияланды. Оның Ұлы Отан соғысы туралы «Жексен» повесі мен тың игеру тақырыбына жазылған «Ақжазық», ұжымдастыру кезеңі суреттелген «Көктем салқыны» және «Абайдан соң» романдары, М.Әуезов өміріне арналған «Сахара шымылдығы» пьесасы бар. 2-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ, «Парасат» ордендерімен және медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Африка балалары күні. Африкандық бірлік ұйымының шешімімен жыл сайын аталып өтіледі. 1991 жылы «Африка балалары» қоғамдық ұйымы құрылды. Сол күннен бастап Африкада аталған мереке үздіксіз тойланып келеді. Ол күні балалар үшін ертегілер мен таңғажайып көріністер ұйымдастырылады. Балалар күні африкалықтар үшін орны ерекше мерекенің бірі болып табылады.

Медицина қызметкері күні. Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде Ресейде, Украинада, Беларуста, Арменияда және Молдовада көп жылғы дәстүр бойынша аталып өтіледі.

Әке күні. Көптеген елдерде маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Ол алдымен Америкада аталып өте бастады. Одан кейін Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Қытай, Жапония және басқа елдер де қосылды. Әр жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде АҚШда жанұялық мейрам «Әкелер күні» аталып өтеді. Вашингтондағы Спокейн штатында 1910 жылы 19 маусымында Соноре Доддке арналып тойланды. 1956 жылы Конгрес Ұлттық Әкелер күні ұйымының қажет екені туралы шешім қабылдады. 10 жылдан кейін АҚШ президенті Линдон Джонсон маусым айының үшінші күнін «Әкелер күні» деп жариялап үндеу қағазына қол қойды. 1972 жылы АҚШ президенті Ричард Никсон Әкелер күнін ресми түрде белгіледі.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылды. Аталмыш институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығымен жұмыс істейді. Институт директоры - Сұлтанов Болат Қылышбайұлы.

1993 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Үндістан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» және «Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің күнін бекіту туралы» Жарлықтары жарық көрді.

1963 жылы  әлемдегі тұңғыш ғарышкер-әйел Валентина Терешкова басқарған кеңестік «Восток-6» кемесі ғарышқа ұшырылды.

1920 жылы жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Кәмен Оразалин дүниеге келді. Ол Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Алғашқы өлеңдері 1938 жылдан бастап жарияланды. Оның Ұлы Отан соғысы туралы «Жексен» повесі мен тың игеру тақырыбына жазылған «Ақжазық», ұжымдастыру кезеңі суреттелген «Көктем салқыны» және «Абайдан соң» романдары, М.Әуезов өміріне арналған «Сахара шымылдығы» пьесасы бар. 2-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ, «Парасат» ордендерімен және медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бөлісу: