14-маусым

21 Тамыз 2013, 09:20

Қан донорларының дүниежүзілік күні. 2005 жылғы мамырда өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында әлем  денсаулық сақтау министрлері өз еркімен қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті қабылдады. Бүкіләлемдік қан тапсырушы күнін жыл сайын маусымның 14-інде өткізіп тұруға қарар қабылдады. Америка байрағы күні. 1777 жылы Құрлықаралық конгресс Американың барлық тәуелсіз штаттарының ресми туы ретінде жұлдызды-жолақты байрақты бекітті. Америка байрағы күні, 19 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аталып өтілгенімен, тек 1949 жылы Президент Трумэн Конгресс актісіне қол қойғаннан кейін ресми мерекелер күнтізбесіне кірді. Күйініш пен сүйініш күні (Литва). 1941 жылдың дәл осы күні Литва халқын Сібірге жер аудару басталды. 2007) Сырым Датұлының (1753-1802) бейітін анықтау мақсатында Өзбекстанға барып келген Батыс Қазақстан облысынан шыққан арнайы экспедиция өз байламын білдірді. Арнайы сапар барысында экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, облыстық тарих және археология орталығының директоры, профессор Мұрат Сыдықов бастаған ғалымдар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Өзбекстандағы Хорезм облысы Гүрлен ауданы орталығынан 9 шақырым жердегі Майлышеңгел елді мекеніндегі бейіт ғылыми тұрғыдан батыр бабамыздікі екендігі дәлелденді. Экспедиция Сырым Датұлының 265 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оның құрамына жеті адам кірді, соның ішінде танымал ғалым-өлкетанушылар, тарихшылар, археологтар, Сырым Датұлының ұрпақтары бар. 1995 жылы  Алматыда, Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды. 1997 жылы  Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды. 2000 жылы Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің іргетасы қаланды. 1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді. 1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды. Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды. 1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда. Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады. 2000 жылы Астанада бірінші халықаралық «Транзит-Транс-Қазақстан-2000» көлік көрмесі ашылды. Көрмеге халықаралық 50-ге жуық көлік компаниялары қатысып, Ресей, Қытай, Латвия, Швеция, Эстония мемлекеттері ерекше қызығушылық білдірді.

Қан донорларының дүниежүзілік күні. 2005 жылғы мамырда өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында әлем  денсаулық сақтау министрлері өз еркімен қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті қабылдады. Бүкіләлемдік қан тапсырушы күнін жыл сайын маусымның 14-інде өткізіп тұруға қарар қабылдады.

Америка байрағы күні. 1777 жылы Құрлықаралық конгресс Американың барлық тәуелсіз штаттарының ресми туы ретінде жұлдызды-жолақты байрақты бекітті. Америка байрағы күні, 19 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аталып өтілгенімен, тек 1949 жылы Президент Трумэн Конгресс актісіне қол қойғаннан кейін ресми мерекелер күнтізбесіне кірді.

Күйініш пен сүйініш күні (Литва). 1941 жылдың дәл осы күні Литва халқын Сібірге жер аудару басталды.

2007) Сырым Датұлының (1753-1802) бейітін анықтау мақсатында Өзбекстанға барып келген Батыс Қазақстан облысынан шыққан арнайы экспедиция өз байламын білдірді.

Арнайы сапар барысында экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, облыстық тарих және археология орталығының директоры, профессор Мұрат Сыдықов бастаған ғалымдар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Өзбекстандағы Хорезм облысы Гүрлен ауданы орталығынан 9 шақырым жердегі Майлышеңгел елді мекеніндегі бейіт ғылыми тұрғыдан батыр бабамыздікі екендігі дәлелденді. Экспедиция Сырым Датұлының 265 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оның құрамына жеті адам кірді, соның ішінде танымал ғалым-өлкетанушылар, тарихшылар, археологтар, Сырым Датұлының ұрпақтары бар.

1995 жылы  Алматыда, Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды.

1997 жылы  Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.

2000 жылы Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің іргетасы қаланды.

1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді.
1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды.
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды. 1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды.
Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда.
Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады.

2000 жылы Астанада бірінші халықаралық «Транзит-Транс-Қазақстан-2000» көлік көрмесі ашылды. Көрмеге халықаралық 50-ге жуық көлік компаниялары қатысып, Ресей, Қытай, Латвия, Швеция, Эстония мемлекеттері ерекше қызығушылық білдірді.

Бөлісу: