10-маусым

21 Тамыз 2013, 09:17

Португалия Республикасының Ұлттық мейрамы - Португалия күні (1580). Қазақстан Республикасы мен Португалия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 19-да орнатылды. Сол уақыттан бастап Партугалия елі ұлттық мейрам ретінде тойлап келеді. Партугалиялықьар үшін аталған күннің орны ерекше. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды. 1998 жылы  Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Маусымның 10-ы 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі. 2000 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы ашылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы – Қазақстанның қазіргі тарихының мұражайы. Ол Президент Жарлығымен 2004 жылдың 28 тамызында құрылған. Мұражай мемлекет Басшысының бұрынғы Резиденциясы ғимаратында 2005 жылдың наурызында бірінші келушілерді қабылдады. Оның экспозицияларындағы есте қалатын негізгі идея–республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі. Бүгінгі таңда ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайының қоры сақталымының саны 114 140 бірлік. Мұражай қоры 6 958 бірлік. Кітапхана қорында 13 897 кітап бар. Мұрағат қоры 93 285 бірлік. 2003 жылы Астана - Бурабай бағытында жаңа «Оқжетпес» электрпойызы қатынай бастады. 2005 жылы Астанада Елбасының қатысуымен Жастар саябағы ашылды.  2005 Астанада бес жұлдызды «Риксос Президент Отель Астана» қонақ үйі ашылды. Не бәрі 9 айдың ішінде салынып біткен аталмыш ғимарат Rixos Group халықаралық қонақ үйлер желісі мен Түркияның  Sembol İnşaat компаниясының Қазақстанның Елордасындағы алғашқы ірі жобаларының бірі. Қонақ үй астананың жаңа әкімшілік орталығында халықаралық әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан. 2005 жылы Астанада жаңа ашылған студенттер бағы мен Ислам орталығының алдында екі субұрқақ кешені ашылды. 1734 жылы  Ресей патшайымы Анна Иоанновна Әбілқайырға грамота жіберіп, Ор өзенінің жоғарғы ағысына қала салуға рұқсат берді.

Португалия Республикасының Ұлттық мейрамы - Португалия күні (1580). Қазақстан Республикасы мен Португалия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 19-да орнатылды. Сол уақыттан бастап Партугалия елі ұлттық мейрам ретінде тойлап келеді. Партугалиялықьар үшін аталған күннің орны ерекше.

1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.

1998 жылы  Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. Маусымның 10-ы 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы елорда күні ретінде атап өтіледі.

2000 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы ашылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы – Қазақстанның қазіргі тарихының мұражайы. Ол Президент Жарлығымен 2004 жылдың 28 тамызында құрылған. Мұражай мемлекет Басшысының бұрынғы Резиденциясы ғимаратында 2005 жылдың наурызында бірінші келушілерді қабылдады.
Оның экспозицияларындағы есте қалатын негізгі идея–республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі. Бүгінгі таңда ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайының қоры сақталымының саны 114 140 бірлік. Мұражай қоры 6 958 бірлік. Кітапхана қорында 13 897 кітап бар. Мұрағат қоры 93 285 бірлік.

2003 жылы Астана - Бурабай бағытында жаңа «Оқжетпес» электрпойызы қатынай бастады.

2005 жылы Астанада Елбасының қатысуымен Жастар саябағы ашылды.

 2005 Астанада бес жұлдызды «Риксос Президент Отель Астана» қонақ үйі ашылды. Не бәрі 9 айдың ішінде салынып біткен аталмыш ғимарат Rixos Group халықаралық қонақ үйлер желісі мен Түркияның  Sembol İnşaat компаниясының Қазақстанның Елордасындағы алғашқы ірі жобаларының бірі. Қонақ үй астананың жаңа әкімшілік орталығында халықаралық әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан.

2005 жылы Астанада жаңа ашылған студенттер бағы мен Ислам орталығының алдында екі субұрқақ кешені ашылды. 1734 жылы  Ресей патшайымы Анна Иоанновна Әбілқайырға грамота жіберіп, Ор өзенінің жоғарғы ағысына қала салуға рұқсат берді.

Бөлісу: