7-маусым

21 Тамыз 2013, 09:17

Испания Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Республика күні. Қазақстан Республикасы мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 11-інде орнатылды. Бұл мейрамды испандықтар жылда дәстүлі түрде тойлап келеді. Норвегия корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні. 1905 жылғы маусымның 7-інде Норвегияның жоғарғы өкілетті органы - Стортингтің шешімімен швед-норвегия униясы бұзылды. Өткізілген референдум нәтижесінде Норвегия конституциялық монархия болып жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-ында орнатылды. 1917 жылы тобықты мен найман рулары арасындағы жесір дауы арқау болған М.Әуезовтің пьесасы «Еңлік-Кебек» алғаш рет Абай ауылында қойылды. Қойылымның қоюшы-режиссері де, суфлері де Мұхтар Әуезов болған. Семейде Абай ұрпақтарының бірі Ілияс Ысқақовтың «Ақын жүрегі» жинағы жарыққа шықты. Кітапты құрастырып баспаға әзірлеген - семейлік журналист Балтабек Ерсәлімов. Ілияс Ысқақов - Абайдың немере туыстарының бірі. Сталиндік зұлмат жылдарында оның әкесі екі рет халық жауы атанып, қуған-сүргінге ұшырады. Ал Ілиястың өзі бұл күнді көре алмай көз жұмды. Бірақ туыстарына кітабын шығаруды аманаттап кеткен екен. Енді осы игілікті шараны ұлы Абайдың тағы бір ұрпағы жүзеге асырды. 1947 жылы жазушы, ақын  Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, 1980 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтының (Мәскеу қаласы) Жоғары курстарын бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының түңғыш өткен жазба акындар жыр-мүшәйрасының Бас жүлдегері, ¥лы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар жыр-мұшәйрасының Бас жүлдегері, «Түркістан-1500 жыл» атты халықаралық жыр-бәйгесінің Бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулык сактау министрлігінің аса озық драмматургиялық туындыларға жариялаған конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ақын-драматург 2003 жыл көлеміндегі айрықша еңбектері үшін, оның ішінде « Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды. Иран-Ғайыптың «Жүрек жырлайды» (1974 ж.), «Жеті қазына» (1977 ж.), «Түннің көзі» (1979 ж.), «Сұлулықпен сырласу» (1980 ж.), «Өмір-Өлең» (1982 ж), «Сұлулық сарасы» (1985 ж.), «Дүниежарық» (1987 ж.), «Батқан Кеменің Бейбақтары» (1990 ж.), «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» (1992 ж.), «Иран бағы» (1995 ж.), «Сөз патшалығы» (1996 ж.), «Жыр әлемі» (1996 ж.), «Қорқыттың көрі» (2001 ж.) атты көлемді кітаптары жарық көрді. Иран-Ғайып - республика жыр сүйер қауымының, эсіресе, студент жастардың қазіргі таңдағы ең сүйікті ақыны әрі драматургі. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Испания Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Республика күні. Қазақстан Республикасы мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 11-інде орнатылды. Бұл мейрамды испандықтар жылда дәстүлі түрде тойлап келеді.

Норвегия корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні. 1905 жылғы маусымның 7-інде Норвегияның жоғарғы өкілетті органы - Стортингтің шешімімен швед-норвегия униясы бұзылды. Өткізілген референдум нәтижесінде Норвегия конституциялық монархия болып жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-ында орнатылды.

1917 жылы тобықты мен найман рулары арасындағы жесір дауы арқау болған М.Әуезовтің пьесасы «Еңлік-Кебек» алғаш рет Абай ауылында қойылды. Қойылымның қоюшы-режиссері де, суфлері де Мұхтар Әуезов болған.

Семейде Абай ұрпақтарының бірі Ілияс Ысқақовтың «Ақын жүрегі» жинағы жарыққа шықты.

Кітапты құрастырып баспаға әзірлеген - семейлік журналист Балтабек Ерсәлімов. Ілияс Ысқақов - Абайдың немере туыстарының бірі. Сталиндік зұлмат жылдарында оның әкесі екі рет халық жауы атанып, қуған-сүргінге ұшырады. Ал Ілиястың өзі бұл күнді көре алмай көз жұмды. Бірақ туыстарына кітабын шығаруды аманаттап кеткен екен. Енді осы игілікті шараны ұлы Абайдың тағы бір ұрпағы жүзеге асырды.

1947 жылы жазушы, ақын  Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, 1980 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтының (Мәскеу қаласы) Жоғары курстарын бітірген.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының түңғыш өткен жазба акындар жыр-мүшәйрасының Бас жүлдегері, ¥лы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар жыр-мұшәйрасының Бас жүлдегері, «Түркістан-1500 жыл» атты халықаралық жыр-бәйгесінің Бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулык сактау министрлігінің аса озық драмматургиялық туындыларға жариялаған конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ақын-драматург 2003 жыл көлеміндегі айрықша еңбектері үшін, оның ішінде « Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды.
Иран-Ғайыптың «Жүрек жырлайды» (1974 ж.), «Жеті қазына» (1977 ж.), «Түннің көзі» (1979 ж.), «Сұлулықпен сырласу» (1980 ж.), «Өмір-Өлең» (1982 ж), «Сұлулық сарасы» (1985 ж.), «Дүниежарық» (1987 ж.), «Батқан Кеменің Бейбақтары» (1990 ж.), «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» (1992 ж.), «Иран бағы» (1995 ж.), «Сөз патшалығы» (1996 ж.), «Жыр әлемі» (1996 ж.), «Қорқыттың көрі» (2001 ж.) атты көлемді кітаптары жарық көрді. Иран-Ғайып - республика жыр сүйер қауымының, эсіресе, студент жастардың қазіргі таңдағы ең сүйікті ақыны әрі драматургі. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Бөлісу: