3-маусым

21 Тамыз 2013, 09:10

Черногория тәуелсіздігін жариялаған күн. 2006 жылғы маусымның 3-де Черногорияның Парламенті Югославия Одақтас Республикасының құрамынан, Сербия одағынан шығатынын және Черногорияның тәуелсіздігін жариялады. Бұл хабарлама 2006 жылдың 21-ші мамырында өткен референдумның нәтижесіне негізделген, онда сайлаушылардың 55,5% Черногорияның тәуелсіздігін қалады. 1999 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішіндегі Кіші Ақсарайға қазақ халқының хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді. 2002 жылы Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің алғашқы басқосуы өтті. Оған 16 қатысушы елдің, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының және 8 бақылаушы елдің өкілетті делегациялары қатысты. Кездесу барысында тарихи құжаттар - АӨІСШК Алматы актісі мен Терроризмді аластау мен өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы Декларациясы қабылданды. Бүгінгі таңда АӨІСШК-ға мүше мемлекеттердің саны 17-ге жетсе, бақылаушы мемлекеттердің қатары Индонезия, Вьетнам, Малайзия, Украина, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапониямен толықты. 1923 жылы суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмен Қайдаров дүниеге келді.  ОлҚарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген. «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербор қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т.б. мультфильмдері бар. Әмен Қайдаров «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.   2009 жылы Астанада белгілі қазақстандық мұнайшы, Қазақстан Республикасы өнеркәсібіне еңбек сіңірген қызметкер Балтабек Қуандықовтың «Каспий қайраңының кілттері» («Ключи каспийского шельфа») атты кітабының тұсаукесері өтті.

Черногория тәуелсіздігін жариялаған күн. 2006 жылғы маусымның 3-де Черногорияның Парламенті Югославия Одақтас Республикасының құрамынан, Сербия одағынан шығатынын және Черногорияның тәуелсіздігін жариялады. Бұл хабарлама 2006 жылдың 21-ші мамырында өткен референдумның нәтижесіне негізделген, онда сайлаушылардың 55,5% Черногорияның тәуелсіздігін қалады.

1999 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ішіндегі Кіші Ақсарайға қазақ халқының хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді.

2002 жылы Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің алғашқы басқосуы өтті. Оған 16 қатысушы елдің, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының және 8 бақылаушы елдің өкілетті делегациялары қатысты. Кездесу барысында тарихи құжаттар - АӨІСШК Алматы актісі мен Терроризмді аластау мен өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы Декларациясы қабылданды. Бүгінгі таңда АӨІСШК-ға мүше мемлекеттердің саны 17-ге жетсе, бақылаушы мемлекеттердің қатары Индонезия, Вьетнам, Малайзия, Украина, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапониямен толықты.

1923 жылы суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмен Қайдаров дүниеге келді.  ОлҚарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген. «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербор қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т.б. мультфильмдері бар. Әмен Қайдаров «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.  

2009 жылы Астанада белгілі қазақстандық мұнайшы, Қазақстан Республикасы өнеркәсібіне еңбек сіңірген қызметкер Балтабек Қуандықовтың «Каспий қайраңының кілттері» («Ключи каспийского шельфа») атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бөлісу: