30-мамыр

21 Тамыз 2013, 09:04

Түрікмен кілемінің күні. Мамырдың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ол 1992 жылдан бастап мемлекеттік мереке болды және Ашхабадта орналасқан әлемдегі бірінші түрікмен кілемінің мұражайында өткізіледі. Химик күні. Бұл осы мамандық бойынша студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды және барлық түлектерді біріктіретін халықаралық мереке. 1595 жылы  Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады. 1997 жылы Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды. 2003 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш - Қазақстан халқының Петерборға жасаған сыйы. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің  Мұрағатында «Хасен Өзденбаев: азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Белгілі аудармашы, журналист Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзден­баев 1937-1938 жылдардағы сталиндік зобалаңды басынан өткерген. Естеліктер  жинағына мұра­ғатқа қабылданған қолжазба мен қазақтың аяулы ұлдары С.Мәуленовтің, Ғ.Қайырбековтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен  замандас інілері - белгілі абай­танушы ғалым Ж.Ысмағұлов пен С. Әсіпұлының естеліктері енгізілген. 2006 жылы  Астанадағы Пушкин көшесіндегі 91-үйге, осында 1998-2004 жылдар аралығында тұрған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты мәңгі еске қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.   1953 жылы  «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған,  режисері - Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор  қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған. 1979 жылы  Қазазақстанның ең жас заманауи дирижерлерінің бірі, А.Педротти, Ловро фон Матачич, Н.Малько атындағы конкурстардың лауреаты Алан Бөрібаев дүниеге келді. Ол Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы музыка колледжін, Вена музыка және сахна өнері университетін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.1999 жылы Загребтегі Ловро фон Матачич атындағы дирижерлер конкурсында жеңімпаз атанды. 2003-2007 жылдары - Астана симфониялық оркестрінің бас дирижері. 2004-2007 жылдары - Майнингеннің музыкалық бас директоры. Қазіргі кезде Германияда тұрады, бірқатар оркестрлерге басшылық етеді. 2007 жылдан Норчепинг симфониялық оркестрін, 2008 жылдан  - нидерландтық Брабанта оркестрін басқарады.

Түрікмен кілемінің күні. Мамырдың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ол 1992 жылдан бастап мемлекеттік мереке болды және Ашхабадта орналасқан әлемдегі бірінші түрікмен кілемінің мұражайында өткізіледі.

Химик күні. Бұл осы мамандық бойынша студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды және барлық түлектерді біріктіретін халықаралық мереке.

1595 жылы  Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.

1997 жылы Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды.

2003 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш - Қазақстан халқының Петерборға жасаған сыйы.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің  Мұрағатында «Хасен Өзденбаев: азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Белгілі аудармашы, журналист Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзден­баев 1937-1938 жылдардағы сталиндік зобалаңды басынан өткерген. Естеліктер  жинағына мұра­ғатқа қабылданған қолжазба мен қазақтың аяулы ұлдары С.Мәуленовтің, Ғ.Қайырбековтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен  замандас інілері - белгілі абай­танушы ғалым Ж.Ысмағұлов пен С. Әсіпұлының естеліктері енгізілген.

2006 жылы  Астанадағы Пушкин көшесіндегі 91-үйге, осында 1998-2004 жылдар аралығында тұрған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты мәңгі еске қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.

 

1953 жылы  «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған,  режисері - Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор  қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған.

1979 жылы  Қазазақстанның ең жас заманауи дирижерлерінің бірі, А.Педротти, Ловро фон Матачич, Н.Малько атындағы конкурстардың лауреаты Алан Бөрібаев дүниеге келді. Ол Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы музыка колледжін, Вена музыка және сахна өнері университетін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.1999 жылы Загребтегі Ловро фон Матачич атындағы дирижерлер конкурсында жеңімпаз атанды. 2003-2007 жылдары - Астана симфониялық оркестрінің бас дирижері. 2004-2007 жылдары - Майнингеннің музыкалық бас директоры. Қазіргі кезде Германияда тұрады, бірқатар оркестрлерге басшылық етеді. 2007 жылдан Норчепинг симфониялық оркестрін, 2008 жылдан  - нидерландтық Брабанта оркестрін басқарады.

Бөлісу: