23-мамыр

21 Тамыз 2013, 09:01

Әзірбайжанның Экология және табиғи қорлар министрлігі қызметкерлерінің күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің Қаулысымен 2007 жылғы 16-шы мамырда жыл сайын атап өтіледі. Ямайкада еңбек күні. Алғашқы рет 1939 жылы атап өтілген. Бұл күні Ямайка тұрғындары қоғам игілігі үшін тегін еңбек етуді дәстүрге айналдырған. 2005 жылы  ұлтымыздың біртуар азаматы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілік етуімен 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің электронды нұсқасы жасалынды. Жоба ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Құс жолы» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен отандық «Қазкоммерцбанкі» және халықаралық «АБМ Глобал Сервис» корпорациясының қаржылай қолдауы арқасында жүзеге асты. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған бұл жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы сандық құжат болып есептеледі. Онда зерттеушілер мен ғалымдар электрондық жүйе арқылы төл газетіміздің 247 нөмірімен бір мезетте таныса алады. 2006 жылы  Орал қаласында «Сардар» кемесі суға түсірілді. Бұл - Қазақстан шекара қызметінің тапсырысымен құрастырылып жатқан «Барыс» тобындағы алғашқы катер, әрі елде бұрын-соңды мұндай үлкен кеме шығарылмаған.  Атырау теңізіндегі ел шекарасын күзететін кеме экипажының құрамында жиырма бір адам бар. «Сардар» - бұрын осы «Зенит» зауытында құрастырылған «Бүркіт» кемелерінен төрт есе қуатты. Жаңа кеменің ұзындығы 41 метрге жетсе, ені - 7,5 метр. Су сыйымдылығы 210 тонналық «Сардардың» жылдамдығы да жоғары - 28 узел (1 теңіз узелі 1,862 шақырымға тең), сонымен бірге ол жеті баллдық дауылға төтеп бере алады. 2006 жылы  аризоналық жеті жасар Брэкстон Билбрей  Сан-Франциско шығанағын жүзіп өтті. Бала Алькатрас аралынан Сан-Франциско авкапаркіне дейінгі 2 шақырымнан астам арақашықтықты  судың температурасы -13 градуста жүзген. 47 минутқа созылған жүзу барысында балаға жаттықтырушысы мен екі азамат еріп отырған. Брэкстон осы арқылы 1962 жылы әйгілі Алькатрас абақтысынан американдық қылмыскерлер Фрэнк Ли Моррис пен ағайынды Энглиндердің сенсациялық қашып шыққандағы жүзіп өткен жолының жартысын қайталаған. Бұл абақты ұзақ уақыт бойы қылмыскердің қашып шығуы мүмкін емес орын деп саналған. Оған су температурасының өте төмен болуы себеп болған. Онда Аль Капоне сынды АҚШ-тың ең танымал қылмыскерлері қамалған. Моррис пен ағайынды Энглиндер қашып шыққанан кейін жабылған абақты бүгінгі таңда жыл сайын бірнеше миллиондаған туристер келетін орынға айналды. 

Әзірбайжанның Экология және табиғи қорлар министрлігі қызметкерлерінің күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің Қаулысымен 2007 жылғы 16-шы мамырда жыл сайын атап өтіледі.

Ямайкада еңбек күні. Алғашқы рет 1939 жылы атап өтілген. Бұл күні Ямайка тұрғындары қоғам игілігі үшін тегін еңбек етуді дәстүрге айналдырған.

2005 жылы  ұлтымыздың біртуар азаматы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілік етуімен 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің электронды нұсқасы жасалынды. Жоба ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Құс жолы» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен отандық «Қазкоммерцбанкі» және халықаралық «АБМ Глобал Сервис» корпорациясының қаржылай қолдауы арқасында жүзеге асты. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған бұл жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы сандық құжат болып есептеледі. Онда зерттеушілер мен ғалымдар электрондық жүйе арқылы төл газетіміздің 247 нөмірімен бір мезетте таныса алады.

2006 жылы  Орал қаласында «Сардар» кемесі суға түсірілді. Бұл - Қазақстан шекара қызметінің тапсырысымен құрастырылып жатқан «Барыс» тобындағы алғашқы катер, әрі елде бұрын-соңды мұндай үлкен кеме шығарылмаған.  Атырау теңізіндегі ел шекарасын күзететін кеме экипажының құрамында жиырма бір адам бар. «Сардар» - бұрын осы «Зенит» зауытында құрастырылған «Бүркіт» кемелерінен төрт есе қуатты. Жаңа кеменің ұзындығы 41 метрге жетсе, ені - 7,5 метр. Су сыйымдылығы 210 тонналық «Сардардың» жылдамдығы да жоғары - 28 узел (1 теңіз узелі 1,862 шақырымға тең), сонымен бірге ол жеті баллдық дауылға төтеп бере алады.

2006 жылы  аризоналық жеті жасар Брэкстон Билбрей  Сан-Франциско шығанағын жүзіп өтті. Бала Алькатрас аралынан Сан-Франциско авкапаркіне дейінгі 2 шақырымнан астам арақашықтықты  судың температурасы -13 градуста жүзген. 47 минутқа созылған жүзу барысында балаға жаттықтырушысы мен екі азамат еріп отырған. Брэкстон осы арқылы 1962 жылы әйгілі Алькатрас абақтысынан американдық қылмыскерлер Фрэнк Ли Моррис пен ағайынды Энглиндердің сенсациялық қашып шыққандағы жүзіп өткен жолының жартысын қайталаған. Бұл абақты ұзақ уақыт бойы қылмыскердің қашып шығуы мүмкін емес орын деп саналған. Оған су температурасының өте төмен болуы себеп болған. Онда Аль Капоне сынды АҚШ-тың ең танымал қылмыскерлері қамалған. Моррис пен ағайынды Энглиндер қашып шыққанан кейін жабылған абақты бүгінгі таңда жыл сайын бірнеше миллиондаған туристер келетін орынға айналды. 

Бөлісу: